0 дауыс
708 көрілді
Әкемнің апасының немесе қарындасының балалары жиен болса, онда оның ағасы немесе інісінің балалары кім болады? Жиен нағашы жұртқа ғана қолданылатын атау ма?

1 жауап

0 дауыс

Ағасының немесе інісінің балалары үлкен болса аға, кіші болса іні болады.

Нағашы (ер, әйел) - ананың төркін жұрты. Нағашы үш жұрттың ішіндегі ең сыйлысы. Олар жиенін әрқашан еркелетіп, сұрағанын беріп отырады. Тек туған нағашысы ғана емес, сол рудың барлығы да жиенге нағашы деп аталады. Нағашының жолы үлкен. Нағашылық жасқа қарамайды. Кейде жиен нағашыдан үлкен болуы да мүмкін.

Жиен (ер, әйел) - қыздан туған бала. Жиен - нағашы ауылы үшін ерке әрі кең құқы бар адам. Ол нағашыларынан нені қаласа да, үш рет алуға қақы бар, қандай қымбат зат болса да, нағашылары оны сөзсіз беруге тиіс. Оны жиенқұрық деп атайды. Жиен сол елдің кемшілігін, қатесін ойын-шыны аралас айтып отырады. Оның сөзін кекетуге, оған ұрсуға болмайды. Нағашы-жиендер кездескен жерде бір-бірімен әзілдесіп, ойнап-күліп жатады. Жиен мұндайда өзін еркін сезінеді. Нағашы мен жиен бірін-бірі ешқашан күндемейді, олар қайта бірін-бірі мақтаныш тұтады. Жиендік жасқа қарамайды. Мұның нағашы-жиендік рәсімдерге кедергісі жоқ.

...