0 дауыс
692 көрілді
Мен кішкентайымнан ауырдым зоб пен көөөп ақша кетті емге , әкем алқаш болған көп ішетін, ішпеген күні жап -жақсы ақ еді. Сосын2020 жылы авария болдым , шекем терісі аршылып салбырап қалды , қазір тыртық бар , омыртқам қатты зақымданды, желкеме көп әйнек кіріп тұтастай тыртық, ашық көйлек кие алмаймын. 4 жыл өтті омыртқам әлі ауырады.Осының бәрі маған қатты сынақ болды. Және кішкентайымда үлкен ағаларымнан қатты таяқ жейтінмін. Соның бәрі жиналып мені әлі күнге тұншықтырады. Қыздың жүргіне титтей жара түссе өмір бақи кетпейді екен.Сіздерден кеңес керек 19 жасар қызға өмірін әрі қарай жарқын етіп жалғастыруға болама , болатын болса қалай? Өмірім мені тұншықтырып жатқандай.

2 жауап

0 дауыс
«Сабырлық таныту – ол Алладан берілген сый және Алланың алдында сабырлықтан артық сый жоқ»,-деді.

«Егер құлдың басына қасірет түсіп және ол өз-өзін сабырлыққа шақырып: «Расында біз Алладанбыз және Оған қайтамыз. Ия, Алла! Осы қасіретте маған нығмет бере гөр»,-деп айтар болса, Алла ол құлын сый-сыяпатына бөлейді»,-деді (Имам Мүслім жеткізді).

Яғни, қасіретке тап болғандар жоғарыдағы хадисте келтірілген дұғаны айтатын болса, оның сабыр еткені үшін Алла оған тиісінше нығметке бөлейтін болады. Сондықтан біздер Алланың нығметіне бөленуді қаласақ, мына шарттарды орындауымыз қажет:
- Барлық сынақтың Алладан екеніне және тек Алла ғана қасіреттен құтқаратынына нық сенімді болу.
- Алладан басқа ешкімге шағымданбау.
- Алладан ғана үміт етіп, Алла үшін ғана қайғыға төзімділік таныту.
- Барлық сынақта бір Алланың даналығы бар екендігіне сенім білдіру.

Егер барлық проблемаңды Аллаға тапсырып үйренсең, өмірің сен ойлағаннан да жақсы жаққа ауысады. Барлық адамда сынақ шыңдау үшін келеді, оның артында үлкен нығметке дайын болу үшін. Өміріңді басқа арнаға бұрғың келсе құранды оқып үйреніп баста, Алланы тани баста, пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірбаянын оқып көр.
Әкеңнің арақ ішкені, өміріңнің осындай болғаны үшін ешкімді кінәлама, алдағы сүретін өміріңді өзің жаса.
0 дауыс
Айтуға оңай болар, бірақ өзіңізге жаңа мақсат  қойып көріңіз, не істей алатыныңызды, не жасай алатыныңызды талдап күнделік бастап көріңіз, өмірдің жақсы жақтарын көруге тырысыңыз, жақсы достар табыңыз, интернеттен болса да. Өзіңізге жаңа дағдыларыңызды дамытуға тырысыңыз, мұңаймаңыз, ең бастысы тірісіз ғой, өміріңіз әлі алда. Өзіңізге жаңа орта тауып көріңіз.
...