0 дауыс
593 көрілді
Индонезияның астанасы Джакарта қаласы неше жылдық тарихқа ие?

Джакарта қаласы туралы қызықты мәліметтер бар ма?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Джакарта – санскритше: «жеңіс мекені» деген мағынаны білдіреді....Индонезияның астанасы Джа­картада 18 миллионға жуық халық тұрады, Қазақстан халқы­нан бір миллионға артық.Индонезия әлемдегі мұсыл­мандары ең көп мемлекет, 250 миллиондай халықтың 88 пайызынан астам мұсылман-сүниттер.

 

Джакарта  XVI ғасырға дейін теңіз жағалауындағы шағын елді мекен болған Сунда-Келапау (индонезия тілінде келапа «кокос пальмасы» дегенді білдіреді) деген жерде негізі қаланған. 1527 жылы көршілес патшалықтың билеушісі осы жерді басып алып, оған Джаякерта (индонезия тілінде джая «жеңіс, даңқ», керта «сәтті» деген мағына береді), яғни «сәтті жеңіс қаласы» деген атау берген. XVII ғасырда голландиялықтар Батавия деп аталатын бекініс салған. 1942 жылы қала атауы Джакарта деп өзгертілді. Бұл атау бастапқы Джаякертаның сәл бұрмаланған нұсқасы болып табылады.
 

http://egemen.kz/2014/08/13/34222 осы жерден қызықты мәліметтер оқи аласыз....
0 дауыс

[Джакарта (Индонезия)]

Джака́рта (индон. Jakarta, яв. Jakarta) (бұрын Батавия, және де Джаякарта) — ерекше астаналық аймақ,Индонезияның астанасы және ең ірі қаласы.

Егерде орысша мәліметке түсінем десең: міне.

Ұқсас сұрақтар

...