0 дауыс
492 көрілді
Мен 15 жылдың алдында мұзға шалқамнан қатты құлап,  басым екі бөлікке бөлініп домалап кеткендей әсерде болдым. Бала болғандықтан үйдегілерге ештеңе айтпадым. 1-2күн басым ауырып, температура көтеріліп анам  бір халық емшісін шақырып миы қозғалған деп биымды салып берген.  Сол кезден басқа басымнан қатты зақым алғаным есімде жоқ. Бала кезден басым жиі ауырады. Цитрамонмен доспын.  Қазір 33 жастамын. Басым ауырғанымен қоса еске сақтау қабілетім өте қатты нашарлап,  отырғанда да басым айналатынды тапты.(бұрыңғы кездегі ештеңені ұмытпаймын, бірақ жақын уақытта болған нәрселерді, сол күнгі нәрселерді тіпті біреуге бірденені айтқан айтпағанымды ұмытып қаламын) Дәрігерге барған едім қан қоюлығынан болуы мүмкін, 1 ай байқап көріңіз деп дәрі жазып берді.  Кт немесе мртға түссем деп сұрауды ұмытыппын. Менің сұрағым келгені:  бала  кездегі оқиғадан қандай бір жарақат алып осылай жүре беруім мүмкін бе?  Мрт ға түскен дұрыс па? мрт түрлері де көп сияқты,  қандайына түсу керек?  Әлде кт-ға түсу ме?

Сұраққа жауап беру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

...