0 дауыс
Мен ауыл квотасында қандай конкурс болатын білім келеді, әркімге әртүрлі болып келеді ме? Әлде конкурс та әртүрлі санатқа бөлінеді ме? Бөлінер болса қалай және қандай болып бөлінеді?
25.05.2024 1.2k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Ауыл квотасы — ауылда оқыған балаларға мамандық бойынша бекітілген конкурс.

Барлық талапкерлер грантқа құжат тапсырады. Гранттардың 70 пайызы жалпы конкурс бойынша беріледі, жалпы конкурсқа қалалық та, ауылдық жас та қатыса алады. Ал қалған 30 пайыз грант тек ауыл балаларына арналған.

Талапкерде квота болған күннің өзінде ол ең алдымен жалпы конкурсқа қатысады, бұл конкурстан өте алмай қалған жағдайда ғана квота бойынша тартысқа түседі.

Квотаның аты айтып тұрғандай, тек ауылда бар мамандықтарға бөлінген. Егер, ауыл квотасы бойынша мемлекеттік грантқа түссеңіз, міндетті түрде диплом алғаннан кейін ауылға барып, 3 жыл еңбек ету қажет.
26.05.2024
127,965Сұрақ
322,906Жауап
153,169Пікір
73,033Қолданушы