0 дауыс
төлеу сөзді , төл сөзге айналдыру
17.05.2024 774 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары

Біреудің сөзінің автор тарапынан өзгеріске ұшырап берілуін төлеу сөз дейді. Біреудің сөзі төлеу сөз түрінде берілгенде, бастапқы сөйлемдік қасиеті жойылып, автор сөзімен тұтасып айтылады.

Мысалы: Жолаушы бала Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» колхозында тұратын комбайншы ағасына қонаққа келе жатқанын айтты. (Н.Ғабд.). Бұл сөйлемдегі төлеу сөз — Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» колхозында тұратын комбайншы ағасына қонаққа келе жатқанын; автор сөзі — Жолаушы бала … айтты. Егер төлеу сөзді төл сөзге айналдырсақ, былай болар еді: Жолаушы бала: Украинаның астанасы Киев қаласынан шығып, Рузаев ауданының «Бірлік» колхозында тұратын комбайншы ағама қонаққа келе жатырмын, — деді. Мұнда төлеу сөзбен салыстырғанда мынадай өзгерістер бар: 1) төл сөз — дербес сөйлем болып айтылады; 2) оның баяндауышы жіктік жалгауының 3 жағында тұр; 3) төлеу сөзде ағасында болуы тәуелдіктің III жағында айтылса, төл сөзде ағама барып тәуелдіктің I жағында айтылып тұр; 4) автор сөзінде «айтты» дегеннің орнына деді қолданған.
17.05.2024
127,958Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,994Қолданушы