Адам бойындағы асыл қасиеттер: адамға қойылатын басты талап адамгершілік. Ол адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, адам өз - өзін сыйламайды. "Адам бойында жақсы қасиеттер кеп болса, оған бақ та, бақытта қонады" деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылық - қасиеттер болса одан арылту қажет. Көптеген қайырымды істер жасап, жақсы мінез - құлықтарды өн бойыңа жинап, ақылдылық танытсаң, міне адамшылдық болғаны.
Адалдық - адамдықтың белгісі іспетті. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілігімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Сондықтан осы асыл қасиеттер әр адамның бойынан табылуы шарт деп ойлаймын. Адалдық адам бойында тумысынан пайда болмайды. Себебі адалдық әр адамда өмірдегі көп факторлардан қалыптасады. Адалдықтың адам бойында сіңісіп кетуі үшін әрине, ата-анасының тәрбиесі әсер етеді. Бұл жағдайда ата-ана тәлім-тәрбиесі де зор рөл атқарады. Бала қоршаған ортасына, қоғамға қарап, сол бағытта қалыптасады. Сәбиді періште санаймыз, бірақ өсе келе ол періштелігін жояды. Неліктен? Себебі "сүтпен сіңген мінез сүйектен шығады", ол да қоршаған ортаның ықпалына сүйенеді.
Басқаға сұрақ қоймас бұрын, мен өзімнен бастадым. Осы адалдық қасиеттері менің бойымнан табыла ма? Қоғамдағы адамдардың маған деген көзқарасы қандай? Иә, менің бойымнан асыл қасиеттер табылады. Себебі мен өмірге шынайы көзқараспен қарап, жарқын болашағыма аяқ басамын. Өз еңбегіммен нан тауып, алдыға қойған мақсатыма жетемін. Қоғамда да маған деген достарымның көзқарасы жақсы. Демек, менің бойымда осы асыл қасиеттер табылады.
Көшпелі қазақ халқы да бұрыннан жас ұрпақтарын асыл қасиеттерге баулыды және қазір де баулып келеді. "Ала жіпті аттамағанның абыройы биік" - демекші қазақ халқы тұсаукесер салт-дәстүрін баланы біреудің ала жібін аттамас үшін өткізеді. Осыдан-ақ, қазақ халқының бала тәрбиесіне қалай көңіл бөлетіндігін, қандай абыройлы халық екенін аңғаруға болады.
"Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен" -, деген екен Мұхтар Әуезов атамыз. Шынында да, беделіңе, байлығыңа сенудің қажеті жоқ. Түбінде адалдық жеңетіні сөзсіз. Байлығың да, беделің де уақытша. Ал, жасаған адал ісің өмір бойы саған жақсылық әкеледі. Себебі адал жолмен тапқан ақшаның ұяты жоқ, берекесі бар. . .