0 дауыс
322 көрілді
Сараптамалық мақала
Тексерген:Майкотова Ғалия
Орындаған:Даутбай Балқыз
Тақырыбы:Интернет алаяқтық: бұғатталған парақшадан таныстарға шабуыл
Алматы қаласында жаға ұстатарлық интернет алаяқтық орын алды. Оқиғаға қатысты зардап шеккен студент Балқыз бен бірнеше азамат-азаматшалар болды. Аталған оқиғада Айсара есімді 2 курс студентінің парақшасын 2024жылдың 9 наурызында  кешкі сағат 21:00-де Диана есімді акаунт иесі бұзып, иемденіп алады. Содан ол қыздың таныстарына,туыстарына,группаластарына,аға-әпкелеріне бәріне Айсараның атынан жазып, үлкен мөлшерде қаржы сұрайды. Алаяқ Балқыздан шұғыл түрде ақша жіберуін талап етіп,  30 000 теңге қаржыны жымқырып кетеді. Зардап шегуші Балқыз:-“Мен әлеуметтік желіде отыр едім, кенет Айсара шұғыл ақша керек деп жазды. Ол 30000 теңге сұрады.  Содан оны 90 000-100 000 мың теңге мөлшерінде несие алып, 2 есе етіп қайтарамын деп ант-су ішті. Маған  дәл сол күні жалақым түскен еді. Мен Айсараға ақша шұғыл түрде қажет шығар, мұқтаж болып отырған шығар  деп ойланбастан екі рет басқа банк карточкасына төлем жасап қолымдағы бар қаржыны салып жібердім”,-дейді. Осылайша алаяқ бір күн ішінде 9-10 адамнан  130 000 мың теңгедей қаржыны қолды еткен. Балқыз бен Айсара  сол күннің  ертеңіне  құзырлы органдарға барып, арыз бен түсініктеме жазып аталған қылмыс бойынша іс қозғауын талап етті. Зардап шегушілердің айтуы бойынша полиция бөлімшесіне барғанда олар орын алған оқиғаға немқұрайлы қарап, артық сауалдар қойып шектен шыққан мыс. Әйтсе де  енді 15 күннен кейін  полиция оларды қайта шақырады. Алаяққа ұрынған акаунт иесінің  денсаулығы қатты сыр беріп, көзінің қан қысымы көтеріліп, аузынан қан кете бастады. Әрі қарай енді құзырлы органдардан жауап күтпек болады. Жымқырылған сомманы қайтсе де қайтарып алып, сотқа дейін баратындығын мәлімдеді.

Қазіргі 21 ғасырда интернет желісінен алаяқтардың қолынан зардап шеккендер көбейіп барады. Жоғарыда аталған зардап шегушілердің  алданған соммасынан  да 4-5 есе көп қаражатқа алданып қалғандар бар. Үйі мен жерінен,көлігінен айырылып қалғандар саны күннен күнге артып  келеді.

 Сондықтан сіздерге айтарым барынша сақ болыңыздар! дегім келеді.

Қазір интернет алаяқтықтың жаңа әдіс-тәсілдері шығып жатыр. Олар кейде адамның таныстарына өзінің жол апатына түскендігін айтып, шұғыл түрде көп соммада  қаржы керек деп  ақша өндіріп алады екен. Немесе кейін қайтарып беремін деп ант-су ішіп уәде береді бұлардың бәріне еш алданбаңыз!
Интернет алаяқтықтың алдын алу үшін келесі шараларды білген дұрыс:

•Сіз пайдаланып жүрген бүкіл әлеуметтік желідегі парақшаңызға екі-үш қадамды қауіпсіздік шараларын жасап қойыңыз;

•Сізден бейтаныс түгілі жақсы араласатын адамдарыңыздың өзі жалынып, ақша сұрап жатса сараптаңыз! Жан-жақты ойланыңыз! Ол адам алдап кетпейме? Әлде алаяқ болып шықса ше дегендей т.б сұрақтарды өзіңізге қойып ақылға салыңыз;

•Әлеуметтік желілерде  сізден егер біреу ақша сұрап жатса, оған дәл қазір қоңырау шал немесе дыбыстық хабарлама жібер деп айтыңыз!Сонда оның алаяқ не алаяқ емес екендігі айқындалады;

•Бейтаныс номерлер хабарласса жауап бермеңіз.Себебі олар  сіз  телефон тұтқасын алған соң тіпті бір ауыз сөз сөйлемесеңіз де сіздің бүкіл ақпараттарыңызды біліп алатын деңгейге жеткен;

•Сосын инстаграм желісінде  алаяқтар көбіне постқа кез-келген адамдарды белгілеп, көп мөлшерде ақша ұтып алғанын жеткізеді.Ал оған сеніп, жауап беру өте қауіпті болмақ.

Сіздің жауабыңыз

Ескерту: Email пошта сізге хабарлама жіберу үшін қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Төртке бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
...