"Жігіттер ойын-арзан, күлкі-қымбат" өленнің тақырыбы және идеясы

0 дауыс
544 қаралым
"Жігіттер ойын-арзан, күлкі-қымбат" өленнің тақырыбы және идеясы
• Санаты: Қазақ тілі

1 жауап

0 дауыс

Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсы бір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдердің тілі қарапайым, нақты.

«Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңі туралы да осыны айту дұрыс. Басты идеясы алдыңғы өлеңдермен үндес, сарындас болғанымен, кейінгі өлеңде ақынның жастар алдындағы ағалық ниеті, ұстаздық ғибраты тікелей оқу, білім, ғылым төңірегінде ғана болмай, өмірдегі адамгершілік іс, достық пен татулық, адалдық секілді әлеуметтік-этикалық биік қасиеттерді үлгі етіп, өсиет қылады. Адамгершілік, кісілік туралы «ойларды шешендік, ақылгөйлік түрінде әсіресе баса айту — бұл Абайдың ағалық, ұстаздық ниеті». Тақырып пен идея, мазмұн тұрғысынан алып қарағанда, аудармада Абайдың осы ниеті, осындай ұстаздық ғибраты мен көзқарастары ашылуының маңызы жоғары.

Ұқсас сұрақтар

127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы