+2 дауыс
512 көрілді

1 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
![description][1]



Жаңаөзен шындығын зерттеуге талпынысымыз «Руханият» партиясына қасірет әкелді. Орталық сайлау комиссиясы «құжаттары дұрыс емес екен» деген сылтаумен «Руханият» партиясын сайлауға қатыстырмауға шешім шығарды. Мынадай заңды сұрақ туады. Егер құжаттары дұрыс болмаса Орталық сайлау комиссиясы он күн бойғы тексерістен соң партияны неге тіркеді? Неге бізге сайлауға қатысуға куәлік берді? Екі жылға тарта уақыт бұрын партия басшылығынан кеткен А.Жағанованы «Хабар», «Қазақстан», «КТК» телеарналарының қорытынды жаңалықтарынан қазақ, орыс тілдерінде (әрқайсысы 15 минуттан) сайратты да, прокуратураға ұсыныс әзірлеткізіп, тіпті соттың шешімінсіз бізді сайлаудан алып тастады. Себебі билік елдік, ұлттық мүддені ту етіп көтерген біздің партияға сайлаушылардың тең жарымынан астамы дауыс беріп жіберетінін білді. Тағы бір мәселе бар. Осыдан үш жыл бұрын билік Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі» доктринасы арқылы, өзінің түпкі негізін «американдық ұлттан» алатын «қазақстандық ұлтқа»  ендіруге күш салғанда мен аштық жарияламақшы болдым. Ішінде әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлері бар 4 мыңнан астам адам бізбен бірге аштық жариялайтынын әйгілегенде басшылар амалсыздан райынан қайтқан еді. Осы 2011 жылдың көктемінде билік «қазақстандық ұлтқа» қайта ендіретінін сездірді. Бізге жеткен мәлімет бойынша қазақ мектептерін ғана емес, бүкіл қазақ ұлтын жоятын бұл қасіретті шара 2012 жылы іске аспақ көрінеді. Біз Парламент қабырғасында жүрсек бұл ұлтсыздыққа жол бермесіміз айқын... Міне, мәселенің түп-төркіні қайда жатыр?

Мұхтар Шаханов


  [1]:
Енды гана аягынан турып жан-жагына дамдарды жинаи бастаган Руханит партиясын себепсизден себепсиз жауып тастаган екенгой, Курамында  (200мын дамдай мушесы бар,)жанеда  Ұлт қамын ойлайтын адамдар бар еды,,, Менынше Баска партидан кушейып бара жаткансон жауып тастады,(арине бир гана мыкты партия бар гой (,,, ,,,, ))
Солай болып тұр ғой...
...