0 дауыс
151 көрілді
Саламатсыздарма,сіздердің араларында бәлкім менің сұрағыма жауап бере алатын адам табылады деген үміттемін. Мен жақында мектеп мұрағатына жұмысқа орналастым,бірақ бұрын сонды ондай жұмыс жасамаппын.Сондықтан,не істерімді білмей,неден бастарымды,міндеттерім қандай нақты ұға алмай күйзеліске түсіп кеттім. Өтініш,кім ақыл совет бере алады,қатты қүанышты боламын.

1 жауап

0 дауыс
Мұрағатшы міндетті:

әрбір кіріс құжатты уақытылы есепке алу және жүйелеу;

олардың ережелерге сәйкес және тиісті жағдайларда сақталуын қамтамасыз ету;

ұйымға барлық шығыс және қабылданған құжаттарды дұрыс жазу;

бухгалтерлік есеп негіздерінде олардың сипаттамасын жасау;

қажетті кодтар мен белгілерді білу;

сілтемелерді дұрыс жазу;

материалдарды ретке келтіру және оларды белгілі бір сөрелерге орналастыру;

комиссиялық есептен шығаруға қатысу және ескірген қағаздарды жою туралы шешімдерді орындау.
...