0 дауыс
536 көрілді
Қорқыт ата университеті Аударма ісі Практикадан Мінездеме үлгісі қажет

1 жауап

0 дауыс

Үлгі

Мінездеме 

Шымкент қаласы «Халықаралық гуманитарлық – техникалық университетінің» «Жаратылыстану-техникалық» факультетінің 4-курс студенті Дүйсен Оразхан 21.01.2024-21.02.2024 жыл аралығында «№14 Қ.Қайсенов жалпы орта мектебінде» өндірістік (педагогикалық) іс-тәжірбиеден өтті. Өндірістік іс-тәжірбиеден өту кезінде Дүйсен Оразхан өзін жақсы қырынан көрсете білді. Өз саласынан бөлек компьютерлік бағдарламаларды да жақсы меңгергендігін көрсетті. Берілген жұмысты уақтылы және сапалы орындай білді. Мектепте,мектептен тыс болған іс-шараларға қатысып жүрді. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым-қатынаста болды. Мектеп ұжымының мүшелерімен ғана емес, сонымен қатар оқушылармен де жылдам тіл табыса алды. Оқушыларды жақсы көріп,өзінің білмегенін үйретуге деген құштарлығы көрініп тұрды. Қарым-қатынаста тұрақты, белсенді, ашық, өз ойын анық жеткізе алады. Дүйсен Оразхан болашақта білікті де, білімді, үлгілі Қазақстан Республикасына адал қызмет ететін азамат болатынына мен сенемін.

Үлгі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жаратылыстану факультеті Математика кафедрасының 4 курс студенті Зайниддин Манзура мінездеме

Мінездеме

Зайниддин Севара 2024 жылдың 19 қаңтарынан бастап топ жетекшісі Жәнібекова Ардақпен курс жетекшілігі бойынша педагогикалық іс-тәжірибеден өтті. Алғашқы күні Севараны 2 курс студенттерімен таныстырды. Ол іс-тәжірибе барысында курс сағаттарын өтіп, курс студенттерінің күнделіктерін тексеріп, келмей қалған студенттердің келмеген себептерін анықтап, кешігіп келетін студенттермен жұмыс істеп, оқу құралдарын тексеріп, бақылап отырды. Севараның өзі де студенттерге жақсы үлгі бола білді.

Севара 2024 жылдың 5 наурыз күні «8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі» күніне орай «Ана – өмір шуағы» атты ашық тәрбие сағатын өткізді. Оған студенттер белсене қатысып, өздерінің өнерлерін паш етті. Тәрбие сағатын тамашалауға қатысқан мұғалімдер мен ата-аналар студенттердің белсенділігін және Севараның шеберлігін атап өтіп, оған оң баға берді. Севара дайындаған көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Оны тамашалаған ата-аналар және мұғалімдер Севараға риза болды.

Севара жетекшілік міндетін жақсы атқаруға ат салысты.

Курс студенттерімен жақсы қарым-қатынаста болып, олармен жақсы тіл табыса алды.

Келешекте Севара жақсы сынып жетекші болады деп сенеміз.

...