0 дауыс
617 көрілді
Ораза кезинде ерине айели мастурбация жасаса ораза бузала ма или жок па

1 жауап

0 дауыс

Сұрақ: Мастурбацияның ешкімге зияны жоқ қой, неліктен харам?

Жауап: Дініміз бір нәрсені харам қылған болса, көзге байқалатындай зияны көрінбесе де харам болады. Харам болса, неліктен харам деген орынсыз сұрақ қойылмайды. Бисмиллаһсыз сойылған қой еті де харам болып табылады. Міндетті түрде біреуге зиянының тию қажет емес.

Мастурбация импотенцияға және ерте босануға да себеп болады.

Имам Қуртуби хазреттері былай деген:

«Олар, жұбайлары мен күңдерінен басқа махрам жерлерін (зина, лиуата, мута некесі, жануармен қосылу, мастурбация секілді рұқсат етілмеген барлық нәрседен) қорғайды. Дұрысы, бұлар (халал болған жұбайларымен бірге болғандықтан) жамандалмайды, айыпталмайды. Олай болса, мұның тысына барғысы келген адам (зина, лиуата және мастурбация істеген, уақытша неке құрған, жануарға жақындаған, рұқсат болған жолдың сыртына шығумен) шектен шыққан болады.» (Муминун 5-7) (Жами-ул-Ахкам)

(Бұл аяти карималар Мәдарик тәпсірінде де дәл осы түрде түсіндірілген.)

Бір хадис шәрифтің мағынасы да мынадай:

«Қолымен некелескен (қай жолмен болса да мастурбация жасаған) адам лағнеттелді.» (И.Бауәрди)

Сұрақ: Мастурбация оразаны бұзады ма, бұзатын болса қаза ма, әлде каффарат қажет пе?

Жауап: Оразаны бұзады, тек қаза ғана қажет. Бір Рамазанда екі рет мастурбация жасаған адамға каффарат та керек. Өйткені Рамазанның бір күнінде қазаны қажет ететін бір нәрсе істеп оразасын бұзған адам, басқа күнінде де дәл сол нәрсені қайтадан әдейі істесе, каффарат та керек болады.

толығырақ: https://www.islamdini.kz/articles/1163

...