0 дауыс
185 көрілді
Бірінші және екінші күні сәресіне ұйықтап қалған болсаң ештеңе жемей жүре беруге болама?

1 жауап

0 дауыс
Егер сіз сәресіне ұйықтап қалған болсаңыз оразаңызды жалғастыра аласыз. Ең бастысы, ауыз ашарға дейін ешнәрсе ішіп-жемесеңіз болғаны. Бірақ сәресін жіберіп алудан сақ болыңыз.

Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Рамазан айында ауыз ашарға асығатын әрі өзгелерге де осыны айтатын. Сонымен қатар, Ол (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таң алдында сәресі ішуді бұйырған және де сәресі ішуді таң намазы кіргенде тоқтатуды бұйырған.

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Сәресінде береке бар, сондықтан оны жіберіп алмаңыздар, сендердің әрқайсыларың тым болмаса су ішіңдер. Расында Алла Тағала мен періштелер сәресі ішкен адамды жарылқайды» (Ахмад).
...