0 дауыс
Кесектің пайдасы қандай, маған да кесек жеген қатты ұнайды?
04.03.2024
санатын ауыстырды 1.7k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Кесек жеуді ғылымда “геофагия” деп атайды.
Мамандар саз кесекке зерттеу жүргізіп, нәтижесінде қорғасынның 0,14 пайызы, кадмийдің 0,43 пайызы, мыстың 0,46 пайызы, ал мырыштың 3,5 пайызы табылған. Бұл көрсеткіш нормадан аспайды. Асып кеткен жағдайда адам денсаулығына зиянын тигізеді екен.

Кесектің құрамында түрлі паразиттер болады. Қанша дегенмен ол – топырақ. Белгілі бір тексеруден өтпеген, не тазартылмаған. Ондағы паразит кесек арқылы адам ағзасына түскен соң дамиды, үлкейеді. Себебі адамның жеген тамағымен қоректенеді. Ал сыртқа шығаратын нәжісі адам денесіне у болып сіңіп, зат алмасу процесін бұзады. Нәтижесінде зат алмасу бұзылған адам аурушаң болады. Тұрғындар саз-кесек жеу қаназдық ауруына әкеледі деп түсінеді. Керісінше, осы аурумен ауыратындар саз жегендер, – дейді дәрігер Наурыз Қаршығаұлы.

20.03.2024
127,960Сұрақ
322,894Жауап
153,169Пікір
73,015Қолданушы