Көктем келді эссе жазу?

0 дауыс
1.3k қаралым
1 наурыз көтем келді. Осы тақырыпта Көктемге байланысты эссе немесе шығарма жазу керек?
• Санаты: Мектеп

1 жауап

0 дауыс
Менің ең жақсы көретін жыл мезгілім – ол көктем. Бұл мезгіл маған қуаныш сезімін және ерекше көңіл-күйді сыйлайды. Күндер ұзарып, табиғат гүлдене бастайды. Аспан ашылып, күн сәулесі қарды ерітеді. Құстар қайта оралып, жерден алғашқы гүлдер шығып, жануарлар және жәндіктер қысқы ұйқыдан оянады.
Көктем – өзгерістер уақыты, жаңа достар және танысулар. Бұл мезгіл ересекті де, баланы да қуантады. Енді олар аяздан және бораннан қорықпай, қысқы киімдерін шешіп, далада серуендей алады. Адамдар өздерін бақытты сезінеді. Өйткені, көпкен күткен уақыт келді! Барлық адамдар белсенді өмір сүре бастайды. Ауада көктемнің иісі пайда болады. Менің ойымша, көктем – ең әдемі жыл мезгілі.

Көктемнің 3 айы да өте ерекше. Наурызда күннің алғашқы жылы шуақтары пайда болса, сәуірде қар толықтай еріп, күн ұзарса, мамыр айында адамдар жаздың жылуын сезіне бастайды. Көктемде қыстың ызғарлы суықтарынан әбден шаршаған адам баласының жүзі нұрланып, көңіл-күйі жақсарады. Көктемде жер көгереді. Қырда бәйшешектер өседі. Көктемде жаңбыр нөсерлеп жауып, кемпірқосақ көп болады. Күн ұзарғандықтан кішкентай балалар армансыз далада ойнайды. Көктемде қазақтардың жаңа жылы әз наурыз тойланады. Наурыз ол көктемнің алғашқы мерекесі. Наурызда балалар әткеншек теуіп, алтыбақанда ойнайды. Көктемнің келуі табиғаттың оянуымен теңестіріледі. Көктемнің алғашқы аптасының өзінде ағаштарда жапырақтар пайда болып, гүлдер бүршік ата бастайды. Меніңше, көктем – ең сұлу мезгіл. Көктемгі табиғатта серуендеу адам ағзасына өте пайдалы. Жүзіңе ескен самал қарныңды тойдырып тұратындай.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
25.05.2024 • Санаты: Мектеп Белгісіз сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
18.04.2024 • Санаты: Мектеп Белгісіз сұрақ қойды
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
127,777 сұрақ
322,353 жауап
153,150 пікір
72,815 қолданушы