0 дауыс
4.7k көрілді
Маган тағдыр романы туралы кыскаша мазмундама керек

1 жауап

0 дауыс
Қабдеш Жұмаділов ХІХ ғасырдың соңғы кезеңіндегі шекара бөлінісін арқау еткен “Тағдыр” романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын иемденді.
Қ.Жұмаділовтің “Тағдыр” романы қазақ халқы басынан кешірген ауыр бір кезең – екі империяның алаштың ата қонысы болған сайын даланы екіге бөліп, шекара сызығын жүргізген кезеңін арқау еткен. Романда алуан мінезді, алуан тағдырлы кейіпкерлер характері сомдалып, болмысы ашылады.
Патшалық Россия мен Цин империясы Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы иеліктерін айқындап, енші бөлісуді ХІХ ғасырдың 80-жылдары ғана қолға алған болатын. Романдағы күллі оқиға осы айтулы тарихтың халық тағдырына қалай әсер еткенін бейнелеуге арналған. Тарбағатайдың күнгейін мекен еткен халық тағдыры, Цинь империясының аз халықтарға жүргізген саясаты шынайылықпен шығарманың өзегіне алынған. Романның басты қаһарманы – Демежан. Оқырман бұл кейіпкермен роман оқиғасының басында Шәуешек аймақтық губернатор – Ши-амбының қарауында тілмаш болып қызмет істеп жүрген кезінен танысады. Өзгелерге ұқсамайтын ерекше тағдыры бар Демежанның өмір жолы, тіршілік соқпағы, Шәуешек аймағының әміршісіне бағынатын мекендерде тіршілік кешкен қазақ руларымен тығыз байланыста көрсетіледі. Қала өмірінің өзіндік ерекшеліктері, дала тіршілігі, күнделікті өмірге еніп жатқан жаңалықтар нанымды суреттелген.
Роман оқиғасы төрт бөлімге топтастырылған. Соңында эпилог бар.

Толығырақ: https://surak.baribar.kz/672102/

Ұқсас сұрақтар

...