0 дауыс
Судья мамандығы үшін қандай пәндер таңдау керек және мінетті түрде 11-қалу керепе?
21.02.2024
санатын ауыстырды 2.3k қаралым

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанда судья болып:

- 30 жасқа толған;

- жоғары заң білімі бар;

- заңгерлік кәсібі бойынша 5 жыл жұмыс өтілі бар;

- судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін аурулары жоқ азамат тағайындала алады.

Аталған талаптарға сәйкес келген жағдайда судьялық лауазымға орналасу үшін:

1) біліктілік емтиханын тапсыру → 2) тағылымдамадан өту → 3) бос орындарға жарияланған конкурсқа қатысу қажет.

Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының түлектері (оқуды бітірген күннен бастап 4 жыл бойы) және жұмыс істеп жүрген судьялар емтихан тапсырудан және тағылымдамадан босатылады.

Қосымша ақпарат алу үшін жоғарыда аталған сілтемелерден өтіңіз

27.02.2024
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы