Қазақстанда судья болып:
- 30 жасқа толған;
- жоғары заң білімі бар;
- заңгерлік кәсібі бойынша 5 жыл жұмыс өтілі бар;
- судьяның кәсіптік міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін аурулары жоқ азамат тағайындала алады.
Аталған талаптарға сәйкес келген жағдайда судьялық лауазымға орналасу үшін:
1) біліктілік емтиханын тапсыру → 2) тағылымдамадан өту → 3) бос орындарға жарияланған конкурсқа қатысу қажет.
Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының түлектері (оқуды бітірген күннен бастап 4 жыл бойы) және жұмыс істеп жүрген судьялар емтихан тапсырудан және тағылымдамадан босатылады.
Қосымша ақпарат алу үшін жоғарыда аталған сілтемелерден өтіңіз