0 дауыс
281 көрілді
Құнанбайдың портретін жасаңдар. 7-сынып. 120 бет.

1 жауап

0 дауыс
Құнанбайдың әкесі Өскенбай бес әйел алған кісі екен, олардан он бір ұл болыпты. Құнанбай оның бірінші әйелі Зереден туған. Ол кішкене кезінен өжет, зерек болып өсіпті. Әкесі оны үнемі жанына алып жүріп, билікке баулыпты, жөн-жосықты үйретіпті. Соның арқасында ол билікке сайланғанда жұмысты бірден меңгеріп алып кетеді, кесім жасауда аты шыққан әкесінен де асып түседі. Алған бетінен қайтпайтын қайсарлығымен, қаталдығымен танылған, ел арасында жиі болып тұратын жер дауы, жесір дауы, барымта-қарымта дауы, құн дауы сияқты дауларда ешкімге де жалтақтамай, өз шешімін кесіп айтатын адуынды би болған. Жұрт оны құрметтеп, «Мырза Құнанбай» деп атап кетіпті. Қайшылығы көп заманда кейбір қалыптасқан жайларға орай оның кейде өзгелерге тізесі батқан тұстары да аз болмапты. Осыған орай ел арасында «Оның аты – Құнанбай, жүйріктігі құландай, шұбарлығы жыландай» деген сөз таралған екен.
...