0 дауыс
Маған анықтауыш жайлы мәлімет керек өтініш
16.01.2024 569 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Анықтауыш деп сөйлемде негізінде зат есімнен болған мүшенің сын, сапа, сан, мөлшер және меншіктік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені айтады. 

Анықтауыштар қандай? қай? қайдағы? (недегі?) қашанғы? ненің? қанша? неше? қайткен? не еткен? деген сұраулардың біріне жауап береді. Ол ирек сызықпен белгіленеді.

Қандай, қай, қайсы, қайдағы сұрақтарына жауап беріп тұратын анықтауыш сапалық, ал ілік септігінде тұрғаны иелік анықтауыш деп аталады. Бір ғана сөзден тұратын анықтауыш дара анықтауыш деп аталса, екі не оданда көп сөз тіркесімен келетін анықтауыш күрделі анықтауыш деп аталады.

Мысалы: Зейнептің көздері (қандай?) үлкен, кірпіктері (қандай?) ұзын.

17.01.2024
127,966Сұрақ
322,914Жауап
153,168Пікір
73,052Қолданушы