0 дауыс
508 көрілді
мұхит суының тұздылығы неге байланысты болатынын түсіндіріңдер?

2 жауап

0 дауыс
Атмосферадан суда еріген көмірқышқыл газы минералдардың еруіне байланысты әлсіз көмірқышқылын түзеді. Бұл минералдар еріген кезде иондар түзеді, соның салдарынан су тұзды болады. Мұхиттан су буланған кезде, тұз артта қалады. Сондай-ақ өзендер мұхиттарға ағып, жаңбыр суы мен ағындармен шайылған тау жыныстарынан қосымша иондар алады.

Мұхиттың тұздылығы немесе оның тұздылығы мыңға шаққанда шамамен 35 бөлікке тең тұрақты.
0 дауыс
Теңіз суы, мұхит суы - мұхит пен теңіздегі натрий, кальций және магний сульфаттары басым әр түрлі тұздардың ерітіңділерінен тұратын сулар. Теңіз суының 96,5%-ын су, 3,5%-ын тұздар құрайды. Теңіз суында еріген тұздардың 85%-ы натрий хлориді (ас тұзы), едәуір бөлігі магний хлориді, магний және кальций сульфаты, натрий бромиді болады. Еріген тұздардың концентрациясы немесе тұздылығы (әдетте, промиллемен %о өлшенеді) 50° о.е. беткі суларда 33,99%о-ге дейін, 5° с.е. 35,79%0-ге дейін болады. Теңіз суының тығыздығы температура мен тұздылығына байланысты өзгереді. Тұщы және тұзды суларға қарағанда Теңіз суы ең үлкен тығыздық температурасында (-1,9°С) қатады. Теңіз суынан натрий, магний хлоридтері, бром және т.б. алынады.[1]

Әлем Мұхиты бетінің жылдық орташа теңіз тұздылығы. Ақ парат Әлем Мұхиты Атласынан [2].

Теңіз суы — мұхиттар мен теңіздердің суы; мұның ішінде ерітінді түрінде кездесетін көптеген тұздар бар. Мұхиттар үшін тұздардың мелшері орташа есеппен 35‰, ал ішкі тұйық теңіздерде, олардың мелшері, оған құятын өзендердің суының молдығына қарай және теңіз орналасқан белдеуге байланысты ауытқып тұрады. Мысалы, Жерорта теңізінің тұздылығы 39‰-ге дейін жететін болса, Балтық теңізінікі орташа есеппен 5‰, Қара теңіздікі — 18‰. Теңіз суы – тұздылығы 24,695%-дан жоғары, теңіздер мен мұхитта жинақталған жер бетіндегі су. Теңіз суы жалпы көлемі 1370 млн текше км-ге тең. Теңіз суы құрамының өте тұрақтылығымен сипатталады. Ондағы еріген тұздардың 85%-ын натрий хлориді құраса, ал қалған бөлігін магний хлориді, магний және кальций сульфаты, натрий бромиді және еріген газдар мен органикалық заттар (1—5 мг/л) құрайды. Ашық мұхиттағң теңіз суы құрамында 1 кг суда 35 г тұз болады. Су бетіндегі теңіз суы тығыздығы 1,0275-тен 1,0220 г/см3 аралығында құбылады. Тұщы және тұзды суға қарағанда теңіз суы жоғары тығыздықты температурада (-1,9°С) қатады. Теңіз суының дыбыс жылдамдығы мен электр өткізгіштігі тұщы суға қарағанда жоғары және ол тұздылығы мен температурасы артқан сайын өсе түседі. Соңғы кезде әлемде тұщы су жетіспеушілігі байқалуына байланысты теңіз суын тұщыландыру мәселесі туындап отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде шамамен тәулігіне 6—7 млн т. теңіз суы тұщыландырылады. Соның ең ірілерінің бірі Қазақстанда орналасқан Каспий теңізінің суын тұщыландыратын Ақтаутұщыландырғышы (тәулігіне 12000 т.)
...