Сенің мына әлемде екі аяқпен қиналмай жер басып жүргенің, ауамен дем алуың оның үстіне сен ұйықтап ес білмей жатқанда ішкі ағзаң есті түрде бір сәт тоқтамай тыныс алуың, құлағыңмен белгілі бір дыбыс толқындарын қабылдауың, аузыңдағы бір түйір ет арқылы әріптер жаратып сөйлеуің, көзіңмен айналаңдағы нәрселерді ең үздік мегапикселді фотоаппараттан артық көруің, қолыңмен қалаған нәрсеңді жасап, саналы түрде компьютердің клавиатурасында жазып отырғаның шын мәнінде керемет емес пе? Бұдан басқа қандай керемет керек сізге?