Қазіргі таңда неше түрлі сусабындар бар. Әр адам өз талғамына, шаш күтіміне, терісіне қарай таңдайды. Head & Shoulders пен Wash & Go шыны керек нарықтағы қолжетімді сусабындар.
Сусабынды қалай таңдау үшін ең алдымен, шаш теріңіздің типіне көңіл бөлгеніңіз жөн болмақ. Себебі, дұрыс таңдалмаған сусабын шаш терісін құрғатып немесе майландырып жіберуі әбден мүмкін. Мәселен, сіздің теріңіз майлы болып, таңдағаныңыз ылғалдандыратын сусабын болса онда тері майлылығы күшей түседі. Себебі, аталмыш сусабын құрамында майлы заттар болады. Кейде құрғақ шашқа арналған сусабын бас терісін одан сайын құрғатуы да ықтимал.
Егер қайызғақ көп болатын болса дәріханалардікін немесе корея сусабындарын қолданып көріңіз.