0 дауыс
196 көрілді

Сіздерден сұрарым біз неге жөтелеміз, неге түшкіреміз?


1 жауап

0 дауыс
Түшкіру – тыныс алу жолдарында тұрып қалған шаң-тозаңдар мен зиянды ұсақ заттарды қас-қағым сәтте іштегі ауаны сыртқа шығару арқылы іске асатын шартсыз рефлекс. Ал есінеу – еріксіз тыныс алу қозғалысы, қан мөлшері көбейіп кеткенде, денені ауамен қамтамасыз етуге бағытталған организмнің рефлекторлық реакциясы.

Күнделікті өмірде көпшілік адамдардың ескере бермейтін осы түшкіру мен есінеу мәселелеріне дініміз аса мән берген. Әбу Хурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен салауаты болсын) былай деген: «Расында, Алла Тағала түшкірушіні жақсы көреді де, есінеушіні жақтырмайды. Егер адам түшкіріп Алла Тағалаға мақтаулар айтатын болса, онда осыны естіген әрбір мұсылманға «Алла саған рахым етсін» деп айту жүктеледі. Ал есінеу жайлы айтатын болсақ, расында – ол шайтаннан, сондай-ақ сендерден қайсыларың есінегілерің келсе, оны қолынан келгенше тежесін, өйткені ол есінеген кезде шайтан оған күледі» (Бұхари).

Жөтел – тыныс алу жүйесі ауруларының ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Жөтел өкпе қабынуы, туберкулез, тыныс жолының (көмекей, кеңірдек, т. б.) қабынуы кезінде, сондай-ақ тыныс жолдарына шаң-тозаң, улы газ, темекі түтіні енгенде, суға шашалғанда, негізінен, тыныс органдарының ішкі қабатына орналасқан сезімтал жүйке талшықтарының тітіркенуінен болады. Жөтел кезінде тыныс жолдарына жиналған қақырық сыртқа шығады. Қақырықты және қақырықсыз (құрғақ) Жөтел болады. Жиі және қатты Жөтел кезінде кеудеге шаншу қадалып, адамның тынысы тарылуы, ұйықтай алмауы мүмкін. Фарингит, трахеит, ларингит аурулары кезінде қақырықсыз Жөтел, бронхит, пневмониямен ауырғандарда қақырықты Жөтел болады. Жөтелді тоқтату үшін алдымен соған себеп болған негізгі ауруды емдейді және оны тоқтауға көмектесетін дәрі-дәрмек беріледі.
...