0 дауыс
332 көрілді
Мен бір қателік жасадым, өзімді шын сүйген жігіт болды,4 жыл қыз бен жігіт болып жүрдік, 7 жыл оқуымды аяқтадым, сол 7жылдың 4жылы сол жігітпен өтті. Жігіт өзімнің ауылымнан болды, жоғарғы білімді, ақылды, пысық. Оқуымды тағфда жоғарлатқым келді, қайтадан емтихан тапсырдым, 2 жыл жоғарғы оқуға түстім, ол маған үйленуге ұсыныс жасады, мен болсам оның ұсынысында, онымен өткізген уақыттыда, маған жасаған жақсылықтарында бір мезетте ұмытып кеткендей болдым. Оқуға қалаға кеттім, болды арамызда бәрі бітті деп ойыма келген сөзді айттым, ізімнен 6 ай жүрді, сенбеді, ренжіді, өкпеледі. Сол жылы март айында үйленді, мен болсам оқу деп жүрмін, басқа қаладан басқа жігітпен таныстым, сонымен жаз айында бас қостық, шүкір барлығы жақсы арамызда. Бірақ жасаған қателігіме қатты өкінем, сондағы менің бар ойым оның таза киінбегеніне, сақал мұртын дұрыстап алмағанына қарап теріс айналыппын, барлығында жөндеу өзімнің қолында екенғо, мен оны білмеппін. Өзімді жазғырумен уақытым өтіп жатыр, оны интернет желісінен әлі күнге дейін қараймын. Ауылда сол жігітпен бас қосып, қартайған ата-анамнан алыстамай жақын жерде болғанымда ғой шіркін.. Қатты өкінем

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Негізі адам деген әлемдегі ең ақылды және осы уақытта ең ақымақ тіршілік иесі
0 дауыс

Көңілсіздік пен өкініш-бұл күрделі эмоциялар және өзіңізге жанашырлық таныту маңызды. Сіздің өміріңіз әр түрлі бетбұрыс жасайды, кейде біз қабылдаған шешімдер күрделі болуы мүмкін. Өзіңізді кінәлі сезінуден босату және алға жылжуға мүмкіндік беру маңызды.


Сыйластық пен түсіністік негізінде қарым-қатынас орната отырып, қазіргі серіктесіңізбен қазіргі сәтте өмір сүруге мүмкіндік беріңіз. Уақыт жараларды емдейді және уақыт өте келе сіз өмірлік тәжірибеңіздің бір бөлігі ретінде шешім қабылдауды үйрене аласыз.


Егер өкініш сіздің әл-ауқатыңызға кедергі келтіре берсе, кәсіби кеңесшіге немесе психотерапевтке бару пайдалы болуы мүмкін. Олар сіздің сезімдеріңізді түсінуге және оларды басқару Стратегияларын жасауға көмектеседі.

Ұқсас сұрақтар

...