Мен бір қателік жасадым, өзімді шын сүйген жігіт болды,4 жыл қыз бен жігіт болып жүрдік, 7 жыл оқуымды аяқтадым, сол 7жылдың 4жылы сол жігітпен өтті. Жігіт өзімнің ауылымнан болды, жоғарғы білімді, ақылды, пысық. Оқуымды тағфда жоғарлатқым келді, қайтадан емтихан тапсырдым, 2 жыл жоғарғы оқуға түстім, ол маған үйленуге ұсыныс жасады, мен болсам оның ұсынысында, онымен өткізген уақыттыда, маған жасаған жақсылықтарында бір мезетте ұмытып кеткендей болдым. Оқуға қалаға кеттім, болды арамызда бәрі бітті деп ойыма келген сөзді айттым, ізімнен 6 ай жүрді, сенбеді, ренжіді, өкпеледі. Сол жылы март айында үйленді, мен болсам оқу деп жүрмін, басқа қаладан басқа жігітпен таныстым, сонымен жаз айында бас қостық, шүкір барлығы жақсы арамызда. Бірақ жасаған қателігіме қатты өкінем, сондағы менің бар ойым оның таза киінбегеніне, сақал мұртын дұрыстап алмағанына қарап теріс айналыппын, барлығында жөндеу өзімнің қолында екенғо, мен оны білмеппін. Өзімді жазғырумен уақытым өтіп жатыр, оны интернет желісінен әлі күнге дейін қараймын. Ауылда сол жігітпен бас қосып, қартайған ата-анамнан алыстамай жақын жерде болғанымда ғой шіркін.. Қатты өкінем