0 дауыс
347 көрілді
Ертең сайыс болады. 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні. Осыған орай сайыста Төл теңгеміз туралы ұран керек еді.

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Теңге - тәуелсіздік белгісі

Өркен жайсын өрелілер, өрістер,
Ел үшін тек дархан жүрек ер істер.
Теңге деген кезіндегі түркілік,
Саманаидтік сары мысты фельстер.
Ақшам көпте шаштым, жұртқа сыйладым,
Ақшам азда кең дүниеге сыймадым.
Теңге деген Сыр бойына жиналған
Тимуридтік мыс жалатқан динарым.
Ақшам, туым, елтаңбам ғой — үштаған,
Осы үшеуі беретіндей күш маған.
Теңге деген шекіме мен бақырды
Ұлықбек пен Әл-Фараби ұстаған.
Сондықтан да Әл-Фараби суреті
Түсті тұңғыш теңгемізге — құрметі.
Хайролладай суретшіге содан да
Риза халқы, риза бүткіл үрметі.

Қазақпыз ғой, шын достарға сенгенбіз,
Қасарысқан қас дұшпанды жеңгенбіз.
Тәуелсіздік рәмізіндей рәуішті
Жасай берсін жарқын жүзбен Теңгеміз! 

Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+2 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...