Төл теңге туралы ұран керек?

0 дауыс
525 қаралым
Ертең сайыс болады. 15 қараша Қазақстанда ұлттық валюта күні. Осыған орай сайыста Төл теңгеміз туралы ұран керек еді.
• Санаты: Мектеп

1 жауап

0 дауыс
Жақсы жауап

Теңге - тәуелсіздік белгісі

Өркен жайсын өрелілер, өрістер,
Ел үшін тек дархан жүрек ер істер.
Теңге деген кезіндегі түркілік,
Саманаидтік сары мысты фельстер.
Ақшам көпте шаштым, жұртқа сыйладым,
Ақшам азда кең дүниеге сыймадым.
Теңге деген Сыр бойына жиналған
Тимуридтік мыс жалатқан динарым.
Ақшам, туым, елтаңбам ғой — үштаған,
Осы үшеуі беретіндей күш маған.
Теңге деген шекіме мен бақырды
Ұлықбек пен Әл-Фараби ұстаған.
Сондықтан да Әл-Фараби суреті
Түсті тұңғыш теңгемізге — құрметі.
Хайролладай суретшіге содан да
Риза халқы, риза бүткіл үрметі.

Қазақпыз ғой, шын достарға сенгенбіз,
Қасарысқан қас дұшпанды жеңгенбіз.
Тәуелсіздік рәмізіндей рәуішті
Жасай берсін жарқын жүзбен Теңгеміз! 

Теңге – дербестік тірегі, экономикалық дербестіктің кепілі. Теңге өзінің тарихи функциясын толығымен орындап шықты, әлі де өзінің құндылығын дәлелдей бермек.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
20.10.2012 • Санаты: Мектеп Diana_ сұрақ қойды
+2 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
27.10.2023 • Санаты: Мектеп Еңлік сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
27.09.2023 • Санаты: Мектеп Азамат сұрақ қойды
127,761 сұрақ
322,328 жауап
153,150 пікір
72,779 қолданушы