0 дауыс
633 көрілді
"Ұлы дала зары" эссе бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Жаңа ғасырда жаңа мемлекет құрған Қазақстан үшін биылғы жыл табыстар мен жетістіктердің, оң өзгерістер мен мерейлі тойлардың жылы болып отыр. Солардың ішінде Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы сынды ауқымы кең, мағынасы терең даталы мерекелердің алатын орны ерекше.

Осындай тарихи кезеңде елімізді әлем таныған өркениетті мемлекеттер қатарына қосып, халқымыздың еңсесін көтеріп, мерейін үстем еткен – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанды «Ұлы Дала елі» деп атауды ұсынуы ұлтымызды тағы бір тарихи белеске шығарды. Бұл ұсыныс қазақстандықтармен қоса алыс-жақын шет мемлекеттерде тұратын қандастарымыздың тарапынан да айрықша қолдауға ие болды.

«Ұлы Дала» ұғымы – баяғыдан бар ұғым. Дешті Қыпшақ деген сөз қыпшақтың даласы деген сөз. Ұлы Дала ұғымына мынау Алтайдан Қара теңізге дейінгі даланы атайтын болған. Оның негізгі аумағы – біздің қазақтың жері. Біздің даламызда кен де болған, темір де болған, қолөнер де болған, бәрі болған», – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Осы орайда президент мұндай ұғымның көптеген елдерде бар екендігін атап өтіп, жапондар күншығыс еліміз, қытайлықтар аспан асты еліміз, кәрістер таңғы шық еліміз деп санайтындығын мысалға келтірді.

«Бізде де сондай ұғыммен теңестіретін болсақ, бізге «Ұлы Дала еліміз» деп айтқан келеді. «Ұлы Дала» мен «Көк аспан» деп те айтуға болар еді. Кең дала –  біздің жеріміз. Осы жерде біз тұрып жатырмыз, өсіп жатырмыз, өркендеп жатырмыз, ұрпақ асырап жатырмыз. Осы жерде мемлекетімізді құрып, оны шаңырағын биік қылып, көк тудың астына жиналып жатырмыз. Біздің байрағымыздың өзінде көк аспан, жарқырған күн бейнеленген», – деді Назарбаев.

Президент Қазақстан атауы бүгінгі күні барша әлем халқына танылған атау болып отырғандығын баса атап өтті.

«Бірақ біз халықтың ішінде ұлы даланың ұрпағымыз десек, келіп тұрған сияқты. Ол халықтық атау болуы керек», – деді елбасы.

Тамырын тереңнен алған бұл ерекше атау егемен еліміздің дүниежүзіне бұдан да артық таныла түсуіне, мемлекеттік, ұлттық имиджіміздің көтерілуіне орасан ықпал етпек.

Дүниежүзінде бейресми атауға ие бірқатар мемлекеттер бар. Мысалы, әлем халықтары Англияны – «Тұманды Альбион», Кубаны – «Бостандық аралы», Жапонияны – «Күншығыс елі», Қытайды – «Аспанасты елі», Голландияны – «Қызғалдақтар елі», Кореяны – «Таңғы шық елі» деп біледі. Елбасы өзі атап өткендей біздің елімізге осындай атаулы бренд жетіспейді. Осы идеяны көтерген Мемлекет басшысы: «Біз – Ұлы Даланың баласымыз. Ұлы Дала, көк аспан… Біздің бабалырымыз тәңір деп, жарық пен көк түсінігін ұмытпаған. Біздің Көк туымыздың астары да осында. Біз – Ұлы Даланың балаларымыз. Міне, осы тарихымыз бен жаңа брендті байланыстыра отырып, біз Қазақстанды жаңа Қазақстан ретінде танытуымыз керек», деген келелі ойды ортаға тастады. Осы орайда, Мемлекет басшысы ата-бабаларымыздан аманат-мұра болып қалған, Алтай мен Атырауды, Арқа мен Жетісудың арасында кең көсіліп жатқан ұлан-ғайыр мемлекетіміздің «Ұлы Дала елі» атануына ерекше мазмұн, биік мағына беріп отыр.

Көне тарихи жазбаларға көз жүгіртсек, «Ұлы Дала» ұғымының ежелден бері келе жатқанын аңғарамыз. Бұл атау ғасырлар қойнауынан аршып алынып, бүгінгі күнге дейін жеткен жыр, қисса, дастандарда, түркітілдес халықтар туралы деректерде, орыс әдебиеттерінде, Қытай жазбаларында және Лев Гумилев сынды көрнекті тарихшы-ғалымдардың еңбектерінде көп кездеседі. Демек, Қазақстанның «Ұлы Дала елі» деген бейресми, қосымша атауға ие болуында тарихи негіз бар. Бұл атау еліміздің географиялық ерекшелігіне сипаттама ғана емес, бұл халқымыздың кеңпейіл дархандығының, мемлекеттік күш-қуатының, айрықша мәртебесі мен Тәуелсіздігінің айнымас символикалық бір нышаны ретінде қабылдануға тиіс. Сондықтан, ендігі кезекте, осы ерекше атауды өз санамызға сіңіріп қана қоймай, оны дүниежүзі халықтары алдында барынша насихаттап, айшықтауымыз қажет.

«Ұлы Дала елі» атауы біздің ұлттық болмысымызды айқындап, идеологиялық бағыттағы іс-шараларымыздың қазығы болуға тиіс деп есептеймін. Елбасының осы бір ерен ұсынысы, әсіресе, халқымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтіп жатқан кезеңде бастау алуы – бабалар рухының қайта түлеп, жаңғыруы деп қабылдадық. Өркениетті даму жолына түскен мемлекетіміз үшін Қазақ хандығының тойын мағыналы да мәнді етіп өткізуі ең бірінші кезекте өскелең ұрпақ үшін жүзеге асырылып жатқан ауқымды іс. Ұлт тарихы – барша халқымыз үшін ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Елбасы бір сөзінде «Қазақ тарихында біз ұялатын ештеңе жоқ», деген аталы сөзін айтқан болатын. Шындығында, тарих тереңінен Тәуелсіздік биігіне дейінгі аралықта қаншама дәуір алмасып, қаншама тарихи кезеңдер өз таңбасын қалдырды?! Осы орайда, өткен дәуірлердің өр рухын жалау етіп желбіреткен Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі – мемлекетіміздің ерекше қуаты мен еркіндігінің, ұлттық келбеті мен абырой-беделінің, азат рухының нышаны болып табылады. Біздің ата-бабаларымыз егемен ел болуды сан ғасыр армандаған еді. Сол арманға бүгінгі ұрпақтың қолы жетті.

Ұлан-ғайыр даламызда Тәуелсіз Қазақ мемлекетін құрып, ұлы көшімізді оң жолға бастап, еліміздегі тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сан ғасырлар бойы бабаларымыз армандап өткен егемендігіміздің туын Ақ Ордасының төріне тігіп, халқының қамын ойлаған ел тұтқасына айналды. Тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыт аралығында Қазақстанды дамыған өркениетті 50 мемлекеттің қатарына қосып, халқын «Нұрлы Жолға» бастап келе жатқан Президентімізді әлем жұртшылығы Ұлы Даланың данасы, Түркі дүниесінің Көшбасшысы деп бағалайтыны сөзсіз.

Жуырда ғана Елбасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Саммитінде әлемдік мінбеден қазақ тілінде сөйледі! Ұлы Дала елі саналатын тәуелсіз Қазақстан Көшбасшысының дүниежүзінің алдында ана тіліміздің мерейін асқақтатуы – барша қазақстандықтардың мерейін асқақтатты. Ұлтымыздың абыройын көтерген бұл оқиға Қазақстан халқына айтарлықтай серпіліс берді. Саммитте Мемлекет басшысы адамзатты толғандырып жүрген ауқымды мәселелерді қозғап, Ұйымға мүше мемлекет басшыларын әлемдік экономика, экология, діни экстремизм сияқты күн тәртібінен түспей келе жатқан дүниежүзіне ортақ проблемаларды бірлесіп шешу керектігін алға тартты. Мемлекет басшысының Біріккен Ұлттар Ұйымы төрінен қазақ тілінде терең мазмұнды баяндама жасауы егемен еліміздің әлемдік саяси аренада өзінің берік орны айқындалғандығының кезекті дәлелі бола алды. Елбасының бұл ұстанымы, өз елімізде мемлекеттік тілді тиісті дәрежеде қолданбай жүрген жекелеген басшылар мен көптеген ұйым, мекемелерге көрнекті үлгі болуға тиіс деп есептейміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үлкен мінбеден айтқан ұтымды ұсыныстарының ішінде БҰҰ штаб-пәтерін Азияға көшіру идеясы көп талқыланатын тақырыптардың бірене айналдып отыр. Саясаткерлердің топшылауынша, штаб-пәтерге лайық қаланың бірі – Астана қаласы болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Елбасының бұл батыл ұсынысы Азия құрлығының мәртебесі мен елордамыз – Астананың беделін де арттыра түсті. Осындай елеулі оқиғалар арқылы әлем назары Ұлы Дала еліне бұрылатыны сөзсіз.

Бүгінгі Қазақстан халқы – бақытты қоғамда өмір сүріп отыр. Біз – бақытты елміз. Өйткені, біз – болашағымызға сенеміз. Біздің жастарымыздың озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктер берілген. Біз барлығымыз – бақытты мемлекеттің азаматтарымыз, ата-бабаларымыздан мұра болған «Ұлы Дала елінің» перзентіміз. Терең мазмұнға ие осы құндылықтарды біз кейінгі ұрпақтың жүрегіне жеткізіп, ой-санасына сіңіруіміз қажет. Мемлекет ұстанған оңтайлы саясат барша қазақстандықтардың, әсіресе, ауыл жастарының келешегіне үміт пен сенім ұялатты. Қазіргі уақытта ауыл жастары заманауи озық біліммен қаруланып, еліміздегі жоғары оқу орындарымен қатар, шетелдің беделді университеттерінде білім алу мүмкіндігіне ие болуда. Туған тамырынан нәр алған осы жастардың легіне біз дұрыс бағыттағы білім мен тәрбие бере алсақ, олар келешекте біздің ұлттық потенциалымыздың негізгі көрсеткіші болатыны даусыз. Сондықтан, ауылда туып, ата-баба салтынан ажырамай, дәстүрімізді дәріптеп, құндылықтарымызды бойына сіңіріп өскен ұрпақтың болашағын қамтамасыз ету елдік мақсат болып отырғаны даусыз.

Ендеше, ата-бабаларымыздың санғасырлық арманын жүзеге асырған бүгінгі Тәуелсіз ұрпақ – Елбасы анықтап берген «Мәңгілік Ел» идеясы төңірегіне жұмылып, «Ұлы Дала елінің» жарқын болашағы үшін аянбауы тиіс деп есептеймін.

...