+1 дауыс
143 көрілді
Мысалы бір адамды жақтырмаса, жақтырмаған адам тәкәппар адамдардың біріне жатада ма?

1 жауап

0 дауыс

Тәкаппарлық – мінез- құлық пен жандүниенің көрінісі. Ол – адам баласының өзін өзгелерден әлдеқайда жақсымын деп сендіруі. Тәкаппарлық – адамға ақиқатты қабылдауға кедергі жасайтын рухани дерт.

Тәкаппарлықтың сыртқы белгілері: өзгелерден құрмет күту, ақыл- кеңеске құлақ аспау, дөрекі сөйлеу, өзгелердің берген кеңесіне ашулану және өзге адамдарды менсінбеу. Тәкаппарлық өркөкіректік, қызғаныш және зұлымдық секілді жағымсыз мінез- құлық тудыруы мүмкін.

Тарих беттері шайтанның құрдымға кетуіне осы тәкаппарлықтың себеп болғанын айғақтайды. Тәкаппарлық шайтанға: «Мен Адамнан артықпын»,- деп айтқызған. Оның бұл қылығы Ұлы Жаратушының әмірін менсінбеуге апарып  соғып, мәңгілікке лағынетке ұшырады.

Кімде-кім өзін өзгелерден жоғары ұстар болса, өзін кемел әрі өзгелерден озықпын деп санайтын болса сол нағыз - Тәкаппарлық.

Тәкаппарлыққа жататын іс-әрекеттерге бірнеше мысал келтірейік:

1- Сұрақ сұрамау тәкаппарлықтың белгісі. Тәкаппар адам сұрақ сұрауды білмегендіктің белгісі деп ойлайды. “Егер сұрақ сұрасам, білмейтіндігім белгілі болып қалады” - дейді.

2- Тек өзінен ғана сұрағанды, басқалардан сұрамағанды қалау, білетін-білмейтін барлық сұрақтарға да жауап беруге тырысу, білмеймін деп айта алмау.

3- Жол, адрес сұраудан тартыну. Жол және сұрақ сұрамау – айыпталу, кінәлану қорқуынан туындайды.

4- Бастығынан рұқсат сұраудан тартыну.

5- Қонаққа барған үйде бірнеше кісімен бірге намаз оқитын кезде имам болуға лайықты көптеген адамдар бола тұра, үй иесі рұқсат етпестен өзінің имамдыққа алға өтуі, барлығынан имамдыққа өзін лайықпын деп санау.

6- Жиындарда тек өзі сөйлеп, басқалардың сөзге араласуынан мазасыздану, олардың үндемей отырып тыңдауларын қалау.

7- Айналасындағы адамдарға көп білетіндігін көрсетіп қою үшін, оларға әр сәтте бір нәрселерді түсіндіруге тырысу, өзінше қате деп санаған нәрселерін дереу түзетуге, ескертуге тырысу.

8- Мешітте жамағатқа “Алға өт! Артқа тұр!” деп бұйрық беруге құмар болу және сондай бір бұйрық берілгенде мазасызданып жақтырмай отыру.

9- Жасына қарамастан барлығының бір-бірлеріне “аға” деп айтуы әдет болған жерлерде “аға” деп айта алмау, тек атымен немесе “бауырым” деген секілді сөздермен шақыру.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...