0 дауыс
452 көрілді
Жаһандану заманы

Қазіргі заман жаһандану заманы. Қазіргі уақытта барлық нәрсе тез өзгеруде. Сол жаңалықтардан қалып қоймай ілесіп отыру қажет. Ал жаңалықтардың басым бөлігі алдымен ағылшын тілінде кейін орыс тілінде шығады. Ал қазақ тіліне кеш аударылып жатады. Сондықтан ағылшын тілін білген өте маңызды.

Егер шет елдермен қарым қатынас құрып жұмыс жасайтын болсаңыз міндетті түрде кем дегенде орыс тілін білген абзал.

Бәсекеге қабілетті бола білу үшін қазіргі жастар үштілді болуы қажет. Ондай болмаған жағдайда әлем нарығынан артта қалып қоюымыз әбден мүмкін.

----------

Тіл-ол адамның ең керемет мүшесі. Адам оны дұрыс пайдалана білуі керек. Ол арқылы адам бір-бірімен тілдесе алады. Осы өмірде тілдің маңызы адамзат үшін өте үлкен рөл атқарады. Тілсіз адам адам емес. Олсыз бұл өмірде ешкім бір-бірімен сөйлесе алмай, өздерінің ойын айта алмас еді.Əрине, қазіргі кезде үш тілді білу қажет. Ол тілдерді білу өзіміз үшін керек. Дəл сол тілдерді білу арқылы əр адам биік шыңдардан көрінеді. Оқу əр адамның өзі үшін. Ежелде қазақ халқы "өзге тілдің бəрін біл, өз тіліңді құрметтте"-деп, бостан-бос айтпаған. Осы мақалға сүйене отырып, біз мынадай түйін құраймыз: əр елде өзінің тілі, туы, мақтан тұтар əнұраны бар. Сол тілдердің барлығын меңгере біл. Ол өзіңе артық етпейді. Бірақ ең бастысы өзіңнің ұлттық тіліңді ұмытпай, еліңді қорғай білуің міндет. Ағылшын, орыс жəне қазақ тілі қазіргі кезде көп кездесіп, қолданылады. Оларды біз қазіргі кезде маңызды тіл деумізге де болады. Əр тілдің өзіне тəн ерекшелігі бар. Егер оқуға құлшынысың болса, сен əр тілде еркін сөйдей аласың. Сондықтан қазіргі заманда үш тілді білу-міндет деген.

1 жауап

0 дауыс

Қазақстанда көп ұлт өмір сүреді. Әдетте, бұл адамдардың бәрі екі тілде сөйлеседі – қазақша және орысша. Менің ана тілім  – қазақ тілі. Біздің елімізде тұратын басқа ұлттарға қазақ тілін үйрену керек пе? Менің ойымша, иә. Осы әрекетпен, сіз қазақ халқына құрметіңізді көрсетесіз. Бұл үшін ақысыз курстарды өтуге болады. Қазақстанда орыс тілін меңгерген адамдардың саны көп, ол мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан құжаттамалар осы тілде жүргізіледі. Қазақстан мен Ресей елдері, достық қарым-қатынаста болғандықтан, орыс тілін білу өте маңызды. Оның арқасында, біздің республикамыздағы көптеген ұлттар бейбіт өмір сүріп жатыр. Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Әлемде 300 миллионнан астам адам осы тілді меңгеріп алды. Бұл компьютерлік технологиялар тілі. Шет мемлекеттерге шыққан кездерде, міндетті түрде ағылшын тілін білу керек. Оның көмегімен, басқа елдердің тұрғындарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға болады. Әрине, басқа тілде сөйлеуді үйрену үшін, біраз уақыт және ұмтылыс қажет. Бірақ қорқатын ештене жоқ, кез-келген бала өзге ұлттың тілін меңгере алады. Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу – жай ғана кеңес емес, бұл заман талабыҚазақстанда көп ұлт өмір сүреді. Әдетте, бұл адамдардың бәрі екі тілде сөйлеседі – қазақша және орысша. Менің ана тілім  – қазақ тілі. Біздің елімізде тұратын басқа ұлттарға қазақ тілін үйрену керек пе? Менің ойымша, иә. Осы әрекетпен, сіз қазақ халқына құрметіңізді көрсетесіз. Бұл үшін ақысыз курстарды өтуге болады. Қазақстанда орыс тілін меңгерген адамдардың саны көп, ол мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан құжаттамалар осы тілде жүргізіледі. Қазақстан мен Ресей елдері, достық қарым-қатынаста болғандықтан, орыс тілін білу өте маңызды. Оның арқасында, біздің республикамыздағы көптеген ұлттар бейбіт өмір сүріп жатыр. Мен ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Әлемде 300 миллионнан астам адам осы тілді меңгеріп алды. Бұл компьютерлік технологиялар тілі. Шет мемлекеттерге шыққан кездерде, міндетті түрде ағылшын тілін білу керек. Оның көмегімен, басқа елдердің тұрғындарымен жақсы қарым-қатынас орнатуға болады. Әрине, басқа тілде сөйлеуді үйрену үшін, біраз уақыт және ұмтылыс қажет. Бірақ қорқатын ештене жоқ, кез-келген бала өзге ұлттың тілін меңгере алады. Қазіргі жаһандану заманында үш тілді білу – жай ғана кеңес емес, бұл заман талабы.

...