0 дауыс
1.5k көрілді
Материктік жер қыртысы жұқа болып келеді және гранит болмаиды.

Ал мұхиттық қалың гранит болады
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Континенттік типті қыртыс барлық үш қабықтан, яғни шөгінді, гранитті және базальтті қойнауқаттардан тұрады. Олардың жиынтық қалыңдығы 70-80 км-ге дейін жетеді. Шөгінді қойнауқаттың қалыңдығы әдетте 10-15 км-ден аспайды, бойлық сейсмикалық толқындардың бұл таужыныстарда таралу жылдамдығы 1,5-5 км/с. Оның астында қалыңдығы 10-20 км гранитті қойнауқат жатады, мұнда толқындардың таралу жылдамдығы 5,8-6,0 км/с болады. Жер қыртысының ең төменгі бөлігінде жататын базальтті қойнауқаттың қалындығы 40 км-дей, ал оның таужыныстарында толқындардың таралу жылдамдығы 6,0-7,4 км/с болады.

Қойнауқаттарды бөлетін шекара негізінен шағылысқан және сынған сейсмикалық толқындар бойынша қадағаланады. Гранитті және базальтті қойнауқаттардың аралығындағы Конрад беті (шекарасы) әдетте 10-30 км терендікте орналасады. Континенттік қыртыс ерекшеліктеріне таулардың түбірі болуы, яғни жер қыртысы қалыңдығының биік тау жүйелері астында күрт артуы жатады. Мысалы, әлемдегі ең биік Гималай тауларының астында қыртыстың қалыңдығы 70-80 км шамасында.

Мұхиттық типті қыртыс тек қана екі - шөгінді және базальтті қойнауқаттардан тұрып, қалыңдығы 5-10 км-ге дейін азаюымен сипатталады. Жоғарғысы - шөгінді қойнауқат, ол тереңсулық болбыр шөгінділерден тұрады, қалыңдығы жүздеген метрден аспайды. Төменгісі - базальтті қойнауқат, ол негізінен суасты жанартаулары атқылаған өнімдерден тұрып, кұрамында жалпы қалыңдығы 1,5-2,0 км нығыздалған шөгінділердің сирек қабатшалары болады. Қойнауқаттың төменгі жағы қалындығы 3-5 км негізді және ультранегізді таужыныстардан тұрады.

Сонымен, мұхиттық қыртыстың континенттік қыртыстан басты айырмашылығы - оның қалыңдығының күрт қысқаруымен қатар, құрамында гранитті қойнауқаттың болмауы.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

...