Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ
Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ.Оның етек алуы отбасынан басталады. Отбасындағы салауаттылық-өркениетті қоғамның талабы, өйткені ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлер мен мұраттар көбінесе отбасында дамып, қалыптасады. Балалар-еліміздің болашағы. Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын шектіруде. Ішімдікке масайған ата-ана,балаларын қараусыз қалдырып,оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда. Ал,өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?! Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін дала тастап кетуде. Әрине,өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына,баланың болашағына балта шабады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін-қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Жан азабын шектірген зорлық-зомбылық жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік-жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер етуде. «Ана-сая болар бағың болса, Әке-асқар тауың» дейді қазақта. Бір күн бар жылатар күн, жұбатар күн. Бір күн бар қуантар күн, мұңайтар күн. «Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз, Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы-баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы,тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Балалар құқығын қорғау - егемен еліміздің асты құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып,қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу - бұл тек мемлекеттің ғана емес, соынмен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті...Мен былай дегім келеді.
Әлемнің бір адамы ретінде
Ақ жүрегіммен сөз беремін
Өзіме,жанымдағыларға
Күннің шуағын,гүлдің нәзіктігін сыйлаймын.
Қараңғыны нұрландырамын.
Суықты жылытамын.
Дәл қазір маған қиын болғанмен жасымаймын,
Әр күні өзімнің жан дүниемді
Тазартуға тырысамын.
Менің жүрегім қуанышқа,махаббатқа,
Мейірімге бөленеді.Келер күннің шұғылалы боларына сенемін,
«Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын».
Қазіргі таңда зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары іске асырылуда.Ұлт жоспары-бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі "100 нақты қадам" бағдарламасын, соның ішінде құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Бас прокуротурамен "Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" жоспары қолға алынып, біртіндеп қызмет жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, 2018жылдың 10-20 қарашасында республика аймақтарында Дүниежүзілік балалар күніне арналған республикалық онкүндік аясында "Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" ақпараттық науқаны басталды.Бұл іс-шаралардың мақсаты отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықты төмендету, тұрғындар арасында болып жатқан күш көрсетудің алдын алу.
"Тәрбиесіздік-ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі"деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби.Сол себепті тәрбиені түзегеніміз-қоғамға дерт емес,абырой алып келер азамат пен азаматша өсіргеніміз.Зорлық-зомбылықтың санын емес, зорлық-зомбылықты жою қамын қарастыруымыз қажет. Сонда ғана, зорлық-зомбылықтың қоршауынан шығамыз. Қысымсыз өскен өскелең ұрпақ -біздің жарқын болашағымыздың кепілі!