1219-1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғысхан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай ежелгі Ұлы даланы, оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына - Амудың төменгі жағындағы аудандар (солтүстік хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.
Шыңғысханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашғар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды. Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы. Кіші ұлы Төлей, Шыңғысхан жұрты Монғолияны иеленді.
Сонымен Қазақстан жері Шыңғысхан империясының үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі - Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан- Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.