+2 дауыс
753 көрілді
Менің туған апам бар еді, сол менен көмек сұраған еді басынан өткен жағдайға байланысты, соны сіздермен бөлісіп, сіздердіңде ойларыңызды білгім келеді. Жағдай былай: апам жазда бір жігітпен танысыпты, екеуіде бір көргеннен бір бірін ұнатыпты. Содан манағы жігіт апама өз сезімін білдіріп,оны қатты жақсы көретінін айтқан, апамда оны ерекше жақсы көрді. Бұрын ол өзіне сезімін білдірген балдарға мән бермейтін, өзі ол балдарға соқпақ түгілі, өздері телефон соқса көтермейтін, көңіліне тиіп қалар деп, соқпа деп тіке де айтпайтын. Ал бұл жігітке келгенде ол мүлдем басқаша. Ол соқпаған жағдайда өзі соғып жағдайын біліп отыратын. Ақыры сол жігітті қатты жақсы көріп, бауыр басып қалды. Бірақ арада біраз уақыт өткенде әлгі жігіт апама енді оны алдағысы келмейтінін, өзінін бұрын үйленгенін, бір қызы бар екенін, бірақ әйелімен бірге тұрмайтынын айтқан. Заңды түрде ажырасайын десе, өзі уйінің жалғыз баласы, ата - анасы рұқсат бермейді, оларды ренжіткісі келмейді. Бірақ ол басында әйелімен сүйіп қосылмағасын әйелімен бірге тұрғысы келмейді. Осы уақытқа дейін ата - анасы үшін шыдап келгенін, бірақ апамды кездестіргеннен кейін, оның өмірге деген көз қарасы өзгергенін айтып, апамның тастап кеткенін қаламайтынын айтқан. Осы жағдайдан кейін апам оны жақсы көргеннен оны түсініп, сөйлесіп жүре берген. Бірақ арада біраз уақыт өткеннен кейін апамның ұялы телефонына оның әйелі хабарласып, күйеуімен сөйлеспеуін сұраған. Содан кейін апам манағы жігітке бәрін айтып сөйлеспей койайк деген. Бірақ жігіт апамды ұмытқысы келмейтінін, онымен бірге болғысы келетінін айтып, арадағы қатынасты үзбеуін сұраған. Бірақ апам онын әйелі мен қызын ойлап сөйлеспей қалды. Содан екі күн өткеннен кейін апамнын соткасына манагы жігіттен смс келген: " Привет. Я умираю " - деп. Содан апам онын соткасына соқса, өшірулі тұрған. Келесі күні апам ол жігіттің сол күні көп мөлшерде дәрі ішіп өз өзіне қол жұмсамақ болғанын білген. Содан кейін манагы жігіт апама тағы хабарласып, екеуі қайтадан сөйлесіп кеткен. Сөйлеспей қалайын десе, әлгі жігіт апама сен тастап кетсен мен өмір сүрмейім, өз - өзіме бірдене істейім деген. Енді апам не істерін білмей жүр... Сіздер қалай ойлайсыздар? Бұл жағдайда  не істеген жөн? Бірақ апам әлгі жігітті шынымен жақсы көреді...

5 жауап

+4 дауыс
Егер сіздің апаңыз бен әлгі жігіт шынымен де бір-бірін жақсы көрсе, олардың бірге болғаны дұрыс. Себебі, жүрекке әмір жүрмейді ғой... Махаббат деген түрлі қақтығыстар мен кедергілерге қарамауы тиіс. Ең бастысы екі адам бір-бірін сүйіп, жақсы көріп тұр. Тіпті махаббаты үшін өмірімен де қоштасуға дайын. Сондықтан, апаңыз әлгі жігітпен бірге болғаны жөн деп ойлаймын. Егер жігіт сіздің апаңызды шынымен де жақсы көретін болса, әйелімен заңды түрде ажырасады деп ойлаймын. Бұл жерде кішкентай сәбидің  ешқандай да кінәсі жоқ. Сол себепті, жігіт кішкентай баланы өз қамқорлығына алғаны жөн.
+6 дауыс
Қиын жағдай. Бірін бірі сүйді деп ойласақ, ажыраспаған әйеліне обал емес пе? Ол да біреудің мәпелеп өсірген баласы болар, дұрысы жігіт жауапкершіліктің бәрін апаңызға жүктеп қоймай өзі көтерсін. Қолымен істегенді мойнымен көтерсін, мұндай жігіттер ез келеді ғой, ертең тағы біреуге ғашық болып қалып "ойбай, я умераю!" деп тағы дәрі ішіп жүрмесіне кім кепіл? Ол шын сүйсе ата-анасын көндіріп бұрынғы әйелінің де тілін тапқан болар еді, бәрімен келісіп, тығырықтан шығар жол табар еді. Біреудің бақытын бұзғандай болса сіздің апаңызғада дұрыс болмас еді. Ол жігіт әйелін қанша жек көрсе де, ол оның заңды әйелі, көз жасына қалмасын. Ол апаңызды неге алдайды? Апаңыз қанша жақсы көрсе де соңында махаббат қалады, дұрысы сол жігітпен ашық әңгімеге барғаны жөн, "ибаййй жақсы көреді екен" деееп жаны аши берсе ол да бір күні мойнына мініп алар. Сәл қиыншылық үшін өлімге баратын жігіттен не күтуге болады? Оның басындағы қиыншылық пен бақытсыздығына сіздің апаңыз кінәлі емес "әркімнің тағдыры өз қолында", жігіт болса еріксіз үйленуге неге көнеді? Соған қарағанда мұнда бір шикілік бар сияқты.... Жалпы, сүйді-күйді үйленсін деп көзді жұма қараған дұрыс емес, арада сәби барын ұмытпасын, әкесіз өскені үшін оның обалы кімге? Апаңыз да бала-шағасын әкесіз өсіргісі келмейтін шығар. Бұл жерде махаббаттан гөрі ертеңгі өмірін, болашағын ойласын, өздерінің ақымақтығынан зардап шегетін адамдарды ойласын........
Тамаша.......
+5 дауыс
оқысам түрікше сериал сюжеті ма деп қаласың)) апаңа айт, таста оны деп, кейін тағы біреуді көріп тағы бір баламен қалдырып кетпейтініне ешкім кепіл емес қой, қол жұмсаймын десе әлгі жігіт,  дәрісін өзің әперсең де өлмейді, бұған енді мен кепілдік бере аламын, бір отбасын бұзып құрылған отбасының шырқы болмайды...
+3 дауыс
Әлгі жігітті тастап кете салсын ұнамаса. Ондай жылауық еркек болғаннан гөрі өмір сүрмей-ақ қойған жақсы. Ал негізінде қыз кетіп қалса, жігіт прям өліп қалмайды. Ештеңе де жасай алмайды. Шешесс, телефоннан қыздарына тастап кетсең өліп қаламын деп алып, мына жақты миығына дейін күліп тұратын жігіттердің талайын көзімізбен көрдік қарағым. Апаң жігіттің қасында оған жаны ашығаны үшін емес, оны сүйгені, оған жігіт ретінде тамсанғаны үшін қалуы керек.
муахахааах мына жерде мен сені тіпті танымайтын да едім ғой)))
+1 дауыс
Біреудің бақытсыздығын көре тұра, бақытты болуға болмайды....  
Сенің апаң негізі дұрыс жасап жүрген жоқ.
Кішкентай сәби үшін неге өзінің махаббатын қимасқа???
...