Менің туған апам бар еді, сол менен көмек сұраған еді басынан өткен жағдайға байланысты, соны сіздермен бөлісіп, сіздердіңде ойларыңызды білгім келеді. Жағдай былай: апам жазда бір жігітпен танысыпты, екеуіде бір көргеннен бір бірін ұнатыпты. Содан манағы жігіт апама өз сезімін білдіріп,оны қатты жақсы көретінін айтқан, апамда оны ерекше жақсы көрді. Бұрын ол өзіне сезімін білдірген балдарға мән бермейтін, өзі ол балдарға соқпақ түгілі, өздері телефон соқса көтермейтін, көңіліне тиіп қалар деп, соқпа деп тіке де айтпайтын. Ал бұл жігітке келгенде ол мүлдем басқаша. Ол соқпаған жағдайда өзі соғып жағдайын біліп отыратын. Ақыры сол жігітті қатты жақсы көріп, бауыр басып қалды. Бірақ арада біраз уақыт өткенде әлгі жігіт апама енді оны алдағысы келмейтінін, өзінін бұрын үйленгенін, бір қызы бар екенін, бірақ әйелімен бірге тұрмайтынын айтқан. Заңды түрде ажырасайын десе, өзі уйінің жалғыз баласы, ата - анасы рұқсат бермейді, оларды ренжіткісі келмейді. Бірақ ол басында әйелімен сүйіп қосылмағасын әйелімен бірге тұрғысы келмейді. Осы уақытқа дейін ата - анасы үшін шыдап келгенін, бірақ апамды кездестіргеннен кейін, оның өмірге деген көз қарасы өзгергенін айтып, апамның тастап кеткенін қаламайтынын айтқан. Осы жағдайдан кейін апам оны жақсы көргеннен оны түсініп, сөйлесіп жүре берген. Бірақ арада біраз уақыт өткеннен кейін апамның ұялы телефонына оның әйелі хабарласып, күйеуімен сөйлеспеуін сұраған. Содан кейін апам манағы жігітке бәрін айтып сөйлеспей койайк деген. Бірақ жігіт апамды ұмытқысы келмейтінін, онымен бірге болғысы келетінін айтып, арадағы қатынасты үзбеуін сұраған. Бірақ апам онын әйелі мен қызын ойлап сөйлеспей қалды. Содан екі күн өткеннен кейін апамнын соткасына манагы жігіттен смс келген: " Привет. Я умираю " - деп. Содан апам онын соткасына соқса, өшірулі тұрған. Келесі күні апам ол жігіттің сол күні көп мөлшерде дәрі ішіп өз өзіне қол жұмсамақ болғанын білген. Содан кейін манагы жігіт апама тағы хабарласып, екеуі қайтадан сөйлесіп кеткен. Сөйлеспей қалайын десе, әлгі жігіт апама сен тастап кетсен мен өмір сүрмейім, өз - өзіме бірдене істейім деген. Енді апам не істерін білмей жүр... Сіздер қалай ойлайсыздар? Бұл жағдайда не істеген жөн? Бірақ апам әлгі жігітті шынымен жақсы көреді...