Қытайда қызметке орналаса алмаған қазақ Қазақстанға көшіп келуіне рұқсат па?

0 дауыс
370 қаралым
Қытайда қызметке орналаса алмаған қазақ Қазақстанға көшіп келуіне рұқсат па?
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс

"Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 10) тармақшасына және" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы " 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда-ҚР Ішкі істер министрінің 2020.03.31 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсат беру Қағидалары бекітілсін;

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы департаменті:

      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыру.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тұрғымбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы Департаментіне (С. С. Саинов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр


полиция генерал-полковнигі

Қ. Қасымов


     Бұйрықпен бекітілген
Ішкі істер министрінің
Қазақстан Республикасының
2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 992

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
2 жауап
21.02.2014 • Санаты: Заң RA2 сұрақ қойды
127,749 сұрақ
322,321 жауап
153,149 пікір
72,776 қолданушы