0 дауыс
264 көрілді
Серпін бағдарламасы арқылы құқық мамандығы оқытыладыма, қандай универлерге түсуге болады.

1 жауап

0 дауыс
«Серпін - 2050» «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы 2014 жылдан бастап жұмыс істейді.

         Бағдарлама мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Бұл бағдарлама бірінші жылы педагогикалық мамандықтар бойынша іске асқан, кейіннен оның аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр.

«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды.

         Жоба аясында еліміздің оңтүстік өңірлерінің жастары өндіріс орындары дамыған, жұмысшы  күшіне қажеттілік қалыптасып отырған Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Қарағанды өңірлерінің жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында тегін білім алып, тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.

         Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облысы,  Жамбыл,  Алматы  облыстарының  жастары  қатыса  алады.

         ЖОО-на түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысуы  тиіс. ҰБТ мен  кешенді тестілеуден кем дегенде, 50 баллдан кем емес және де таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмауы тиіс. Ал, колледждер үшін ҰБТ және кешенді тестілеу  тапсыру шарты жоқ. Колледждерге түлектер конкурс арқылы түсе алады.

         «Серпін» бағдарламасы туралы толық ақпартты www.serpin-2050.kz  сайты және +7 707 350 5505 байналыс телефоны арқылы біле аласыздар.
...