0 дауыс
420 көрілді
Срочно жауап берндерш

1 жауап

+1 дауыс
Айдағы жасырынбақ  (Ж. Сахиев)
Көп кешікпей кемеміз Ай бетімен жанасты. Біраз жылжып барып ғарыш айлағының алдына тоқтады. Сыртта бізді арнайы көлік күтіп тұр екен. Соған мініп «Ғалымдар үйіне» жеттік. Көкем, Сартай және мен – үшеуіміз бір пәтерге орналастық. Сол бір сәт екеуіміз үшін әлі қорқынышты. Өзіміз жатқан бөлменің үлкен терезесі сыртындағы Ай термометрі 200 градус суықты көрсетті де тұрды. Сартай екеуіміз көпке дейін көз іле алмадық. Жердегі қараңғылық жай екен. Ай аспанындағы жұлдыздар да жымыңдамайды. Айналаның бәрі бейне бір күл шаңының астында қалғандай көңіл құлазытады. Тіршіліксіздіктің нағыз көрмесі де сонда екен. «Пәтердегі жылу жүйесі сөнсе, әпсәтте мұз болып қатып қаламызау» деп те қорықтық.
Айдағы таңның атуы, Күннің көтерілуі ұзаққа созылды. Күн өзіміз Жерде жүріп қарағанда батыс жағы дейтін оң жақ шетінен – Дағдарыс теңізі жақтан шығады екен. Айда ол – шығыс. Ондағы жарты күн Жердегі екі аптаға тең. Оны бәріміз де білеміз. Біз Жерден өліара қарсаңында аттанғанбыз. Өліара кезінде Ай Күн мен Жердің арасында болады ғой. Сөйтіп, ол күнмен қабат шығып, бірге батады. Ал бірер күннен соң Ай Күннің сол жағына өтіп, Жердің батыс жағынан қияқтанып көрінеді. Біз оны жаңа Ай туды дейміз. Ал сол кезде Айда шын мәнінде таң атып, Күн шығады екен. Сартай екеуіміз қазақ халқының оны ежелденақ дәл білгеніне қайран қалдық.
Жер есебімен екі тәулік өткенде қалашық орналасқан аймақ жа рықтанды. Бірақ Жердегідей емес. Тас қараңғы ғарыштағы Күнге ша ғылысқан бір домалақ дененің бетіне сәуле түскендей ғана көрініс. Не көгілдір көкжиек жоқ, не аспанды шарпыған әсем бұлт жоқ. Күннің сәулесі де шашырамай бажырая қалған. Көз қарықтырады.
Күн сәулесі Дағдарыс теңізін жартылай жарықтандырған кезде Сартай екеуімізге сыртқа шығуға рұқсат берілді. Ал көкем бастаған ғалымдар зерттеу жұмысына әлдеқашан кірісіп кеткен. Назарымызды Ай бетін дірілдете баяу жылжып бара жатқан зауыт бөлді. Көкемнің түсіндіруінше, олар Ай топырағынан оттегі және тағы басқа Ай базасына қажетті технологиялық заттарды өндіруге арналған.
Содан абайлап, шұңқыр ернеуіндегі тастарға аяғымды тіреп, қолмен де ұстап, жайымен ішіне түстім. Сартай сыртта, маған бір жағдай болғанда қол ұшын беруге әзір. Шұңқырдың іші әжептәуір үлкен, кең әрі тегіс еді. Мен көлеңкеге ендім. Солақ екен, комбинезонымның сол жеңіндегі термометрдің түтікшесіндегі қызыл түсті сынап төмен қарай жылжи жөнелді. Денемді суық алғандай күй кешіп, сәл кібіртіктеп қалдым. Бірақ қайта шығуға намыстандым. Сөйтіп, қапқараңғы дүниеге тап болдым. Айдың Күн сәулесі түсіп тұрған жағы өзінше бір бөлек дүние сияқты. Төбемде әлгінде ғана көмескі көрінген жұлдыздар жыпырлайды.
– Мерген! Ей, Мерген, – деген хабар жетті шыны дулыға ішіндегі дыбыс қабылдағыштан.
Мен жалт бұрылып, жоғары қарадым. Ойыма: «Сартай бірдемеге ұшырады ма?» деген күдік келгенді. Қарасам, ол көз алдын оң алақа нымен қалқалап, әлдекімді іздеп тұр. Мені көрмейтін тәрізді.
– Не болды, саған Сартай? Кімді іздеп тұрсың? Әлде көзіңе ұшатын беймәлім бірдеме елестеді ме?
– Жоқ! – деді Сартай іліп алғандай, – көзіме ештеңе де елестеген жоқ!
Мен сені таппай тұрмын!
– Таппағаның қалай? Мен ешқайда кеткен жоқпын!
– Көлеңкеге енген бойда зымзия болдың! – деді ол толқып.
– Ал сен менің көз алдымдасың!
– Көлеңкеден шықшы! – деді енді Сартай дегбірсізденіп.
– Жарайды. Қазір.
Мен көлеңкеден шықтым. Сартай мені жоғалтып тапқандай қатты қуанды. Шұңқыр ернеуіне шыға бергенімде қолымнан тартып алып, құшақтай алды. Реңінің бозарғаны да шыны дулығаның ішінен апанық көрініп тұр.
– Енді сен түсіп көрші! – дедім мен.

– Одан да Жердегі сияқты жасырынбақ ойнасақ қайтеді? – деді Сартай.
– Қалайша?
– Не қалайшасы бар? Сен іздеуші, мен жасырынушы боламын.
Көзіңді жұмып елуге дейін санайсың. Содан соң іздей бер!
– Жарайды, ойнасақ ойнайық, – дедім мен.
Санап болған соң көзімді ашып іздей бастадым. Жымжырт. Мана жүрген жылжымалы зауытавтоматты жүйелер де алыстап кеткен. Шұңқыр ішін әрібері қарап Сартайды көре алмадым.
– Сартай! А, Сартай! Қайдасың, көріп тұрған жоқпын! – дедім енді өзім де үрейленіп.
– Мұнда тұрмын ғой! – деді ол мәз болып.
Артынша кеңккеңк күлгені де микрофонды қырылдатып жіберді. Мен де күлдім. Бірақ сонда да сыры беймәлім табиғатқа сенбей жүрексінемін. «Айда серуендейміз деп жүріп бірбірімізді жоғалтып алсақ» деген үрейлі ой билей бастады. Әріберіден қарап:
– Ойын бітті, Сартай! Мен жеңілдім! Шыға бер! – дедім.
– Қазір! – деді ол.
Бір мезетте Сартай көлеңкенің шетіне шыға келді. Ол шұңқырдың ернеуіне жеткенде қайта жоғалтып алардай қолынан шап беріп ұстай алып, өзіме қарай тарттым. Сөйтіп, ешқашан ойымызға келме ген жасырынбақ ойынын ойнадық. Кешікпей Ай табиғатын зерттеу жұмысын аяқтап, көкем келді. Тамақтанып болғаннан кейін пәтерде отырып, екеуіміз жаңағы көрген қызықтарымызды айтып күлдік.
– Бұл – күлкі емес, – деді әкем терезеден тіршіліксіз Ай табиғатына қарап отырып, – көлеңкенің қоюлығы Айдағы атмосфераның жоқ тығынан. Күн жүйесі алғаш ғарыш шаңтозаңынан пайда болғаннан кейін ғаламшарлардың тіршілікті жағдайға көшу кезеңдері бірдей өткен. Айдың да атмосферасы болған. Мұнда да бір заманда тіршілік қайнап жатқан. Мәдени дамудың жоғары шегіне жеткен Айдың са налы тіршілік иелері атмосфераны ластаған, оның ыдырауына әкеліп соқтырған. Озондық ойықтың ұлғаюы нәтижесінде Күн радиациясының электр магниттік ағымы, оған қоса қысқа толқынды диапазондағы рентгендік және ультракүлгін сәулелер ғаламшар бетіндегі тіршілікті жойып жіберген. Ай беті жалаңаштанып, шектен тыс қызып, жасыл же лек біткен қурап, бұлақ, көл, теңіз бен мұхит уланып ғарышқа ұшып кет кен. Қиыр ғарыштан қаңғып келген аспан тастары ғаламшардың бетін әжімге толтыра берді. Ай беті жыпырлаған қазаншұңқырларға толды. Ғаламшардың күнгей жағы құрғап, түнгі жағындағы ішкі суы мәңгілік мұз болып қатып қалды. Ай өз осінен айналуын мейлінше баяулатты. Біздің ғылыми зерттеуіміз осыны дәлелдеді…
Әкем мәнжайды Сартай екеуімізге түсіндіріп болған соң өзінше ойға батып, үнсіз қалды. Біз үлкен терезеден сыртқа көз тастадық. Жиегі қара пердемен тұтылғандай қапқараңғы Ай аспанында мен мұндалап әсем Жеріміз көрініп тұрды. Бір кезде Сартай:
– Енді мұнда жасырынбақ ойнамайықшы, – деді.
– Жарайды, енді ойнамаймыз, – дедім мен іле қостап, – онан да ана көрініп тұрған Жеріміздегі атмосферамыздың, гидросфера мен биосфе рамыздың тазалығын ойлайықшы.
– Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, – деді сол кезде көкем Сартай екеуіміздің сөзімізді тыңдап болып, – достарыңа да түсіндіріңдер мұны

Ұқсас сұрақтар

...