0 дауыс
1.5k көрілді
Осы тақырыпта толыққанды шығарма жазу керек. Желтоқсан желі неге ызғарлы?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тәуелсіздік! Ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздік! Ел epкіндігі жолында халқымыздың басынан қаншама оқиғалар өтпеді десеңізші! Ата-бабалар ғұмыр бойы аңсаған тәуелсіздікке 1986 жылғы желтоқсан күндері болған Желтоқсан көтерілісі жол салды. Қыстың қаһарлы күндері Алматы қаласындағы республика алаңына шыққан қазақ жастары еркіндік пен бостандық үшін күресті. Күллі әлемді дүр сілкіндірген бұл оқиға қазақ топырағына ұлттық санасын, намысын жетелеген жаңа, әрі қайсар буынның келгенін әйгіледі. Бұл желтоқсан көтерілісіне ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ. Рысқұлбеков, Л. Асанова, С. Мұхаметжанова, Е. Сыпатаев және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.  Олар: "Тәуелсіздік керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын!"- деген тілек білдірді. Сол кездегі үкімет басшыларының бұйрығымен күш көрсетілді. Көптеген жастар түрмеге қамалды. Оларға желтоқсанның ызғарлы күнінде зәбір көрсетілді. Өз елінің Тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға бұзақылар, ұлтшылдар, нашақорлар деген кінәлар тағылды.

«Тәуелсіздік», «егемендік» -өте бір сақталатын, есте қалатын сөздер. Әр елдің тарихында ерекше орын алатын күн - тәуелсіздікке қол жеткізген күн. Біздің еліміз, жеріміз аңсап, қан төгіп, тер төгіп шарықтап жеткен күн. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып кеткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы.

Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді, солай хатталды да. Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық.

Әрине, Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата - бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Желтоқсанның желі, аязы, ызғары

Қанды мұзда талай қазақ сыздады.

Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға

Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
...