0 дауыс
414 көрілді
менеджмент таңдасам өкінбеймін бе?

2 жауап

0 дауыс
Адамдармен жақсы араласа алсаңыз, тез шешім шығара алсаңыз, мәселелерді шешуге қорықпайтын болсаңыз, бастысы адамдармен тығыз жұмыс жасау ұнаса таңдаңыз.
Әр жылы грантқа түсу балы әртүрлі болады.

«Менеджмент» (ағылшын тілінде — manage) «басқару» деген мағынаны білдіреді. «Менеджмент» түсінігінің анықтамалары өте көп. Жалпы менеджмент деп жеңу өнері ретінде, адамдардың интеллектісін, еңбегін, жүріс-тұрысының уәжін пайдалану арқылы алдына қойған мақсаттарына жете алуын айтады.

Мағынасы бойынша «менеджмент» термині «басқару» терминімен ұқсас. Алайда, қазіргі түсінік бойынша «басқару» ұғымынан «менеджмент» ұғымы кеңірек, өйткені ол адамзат қызметінің әр түріне қолданылады. Мысалы, автомобильді және басқа да неғұрлым күрделі техникалық жүйелерді басқару. Ал «менеджмент» термині ұйым деңгейіндегі әлеуметтік-экономикалық процестерді, шаруашылық қызметті, жеке тұлғаны және қызметшілерді басқаруды сипаттайды.

Басқару (басқару процесі) — мақсатқа жетуге бағытталған іс-қимылдарды ұйымдастыру. Менеджмент — өзіне міндетті әлемент ретінде адамдарды басқаруды, әлеуметтік ұйымдар мен құрылымдарды басқаруды қосатын сәйкес білім облысы бар адам қызметінің сферасы. Менеджмент — бұл нарық жағдайындағы басқару. «Менеджмент» түсінігінің мазмұнын бірнеше аспектілермен қарастыруға болады:

Менеджмент — бұл әр түрлі ұйымдардағы адамдарға жетекші ету қызметінің түрі, функциясы, басқару

Менеджмент — бұл басқару функциясын жүзеге асыруға көмектесетін адамзат білімінің облысы. Бұл ғылыми пән.

Менеджмент — басқару бойынша жұмыс жасаушының әлеуметтік табы.
0 дауыс
Менеджмент және басқару мамандығы
Таңдау пәні: Математика және география пәні. Қазіргі уақыттағы сұранысы орташа мамандық. ҰБТ  бойынша 2022 оқу жылында гранттағы шекті балл -120 балл болған.
Жұмыс жасаудағы басты қасиеттері: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілдерін білу (нарықты шетелге шығару үшін); командамен жұмыс жасай алу; Заңды құжаттармен жұмыс жасай алу, аса тиянақты болу; нәтижеге жұмыс жасау.
...