0 дауыс
953 көрілді
Сәлеметсіздерме! Біздің мектепте 200 мұғалім бар. Соның ішінен 77 мұғалімді аптасына 1-рет 5 сағаттан кезекшілікке қойды. Мектем әкімшілігі осы 77 мұғалімді 1 оқу жыл бойы кезекшілікке қоюға құқығы бар ма? Басқа мұғалімдерді қойМаймыз, өйткені олар үлкен кісілер және денсаулықтарына байланысты дейді. Осы әділетсіздіктің қалай алдын алуға болады?

1 жауап

0 дауыс
Жұмыс беруші мұғалімдерді жұмыстан тыс уақытта кезекшілік етуге міндеттеуге құқылы емес.

"Педагог мәртебесі туралы" ҚР Еңбек кодексінің 6 - бабы 2-тармағының 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға жол бермеу туралы нақты көрсетілген. Сонымен қатар, аталған баптың 2-тармағының талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік көзделген.

ҚР Конституциясына сәйкес мәжбүрлі еңбекке тыйым салынады.

ҚР Конституциясының 24-бабының 1-тармағына сәйкес " Әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi.". Сонымен қатар осы баптың 3-тармағы "Ереуiл жасау құқығын қоса алғанда, заңмен белгiленген тәсiлдердi қолдана отырып, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешу құқығы мойындалады".

Сондықтан жұмыс беруші педагогтерді әртүрлі кезекшіліктерге немесе кәсіптік міндеттермен байланысты емес жұмыстардың басқа түрлеріне тартуға құқылы емес.

МҰҒАЛІМДЕР МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР ҮШІН БІЛУ МАҢЫЗДЫ! Сабақтар арасында көзделген қысқа үзілістер жұмыс уақыты болғандықтан, жұмыс беруші бекітілген кестеге сәйкес кезекшілікті ұйымдастыруға құқылы. Мұғалімдердің кезекшілігі сабақ басталғанға дейін 20 минут бұрын басталуы керек және ол аяқталғаннан кейін 20 минуттан аспауы керек.
...