0 дауыс
7.2k көрілді
Абайдың 10 шы қара сөзіне түсінік, мазмұны керек еді?

1 жауап

0 дауыс

Адамдар Алла Тағаладан артынан қалар ұрпақ тілейді. Себебі ұрпағым жалғассын, ізімді бассын, артымнан қалған дүниеге ие болсын және бақилық болған кезде құран оқып еске алып отырсын деп. Балаң жақсы болса - асылың, жаман болса - күйігің болады. Сол себепті тәрбиені өзіңнен баста. Егер өзіңнің жасаған игі істерің көп болса балаң түгілі кез келген адам сен үшін құран бағыштайды. Жасағаның тек жаманшылық болса балаңның оқыған құранының да саған пайдасы болмайды. Тірі кезінде өзің кәсіп қылмаған істі, өлген соң балаң кәсіп қылуы екіталай.

Қартайған кезде балам асырасын дейсің, бірақ сол қартаюға жете аласың ба? Балаң мейірімді болып, қартайған кезіңде асырай алса. Мал-мүлкің болса кез келген адам асырайды. Алладан сұрап алған балаң мал табарлық болары, мал шашарлық болары - ол да екі талай. Балаңа құрғақ уәде берме. Жастайынан өтірік айтуды үйретпе. Ешкімнің ала жібін аттамауға үйрет. Балаңа ешкімді жамандама.

Алла тағаладан дүние-мүлік, мал сұрасаң береді, бірақ Алла Тағала күш беріп тұрған кезде, неге өзің еңбек етіп таппасқа. Білім ізде, себебі Алла Тағала соны ұғарлық ақыл берді. Біреуді қорқытып, біреуден жалынып, біреуден алдап алғанша өз еңбегінмен тап.

Бай-дәулетті өмір сүргің келсе, ең әуелі - ғылым ізде. Өзің таба алмасаң, балаң тапсын. Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Білімді болсаң алар асуың биік болады. Ешқашан мақтанба!!!

Ең әуелі тәрбиені өзіңнен баста! Білімді бол! Еңбек қыл! Мақтаншақ болма!

...