0 дауыс
Қыз 17-і де, өзі алып кетінізші деп тұр, бір- бірмзді жақсы көреміз,өзі келісіп тұр! Енді бір жағы мектеп оқиды, оған қарап тұрғанм жоқ сізбен бірге боламын деп тұр. Не істеген дұрыс, заң деген ойландырп тастады ғой адамды.
27.11.2022 413 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Әрбір адамның жаратылысы әртүрлі. Сондықтан, Ислам шариғаты қыз-жігіттердің бас құрау мәселесінде жас аралығына қарағанда, әркімнің үйленуге болған мұқтаждығын негізге алады.

Ханафи мәзһабында жастардың бас құрау мәселесінің үкімін төмендегідей бірнеше сатыға бөліп қарастырған:

Парыз болған үйлену: Үйленбесе зина жасап қоятын адам. Бұл – үйленуге хал-жағдайы келетін, отбасын асырай алатын, нәпсісін ораза ұстап тежеуге шамасы келмейтін кісінің жағдайы. Ондай адамға бас құрауы – парыз болады. Өйткені, үйленбеген жағдайда зина сынды харам істерге барып, өзіне де, қоғамға да зиянын тигізеді.

Уәжіп болған үйлену: Зина жасап қою қаупі бар адам. Бұл – үйленуге хал-жағдайы келетін, отбасын асырай алатын, нәпсісін ораза ұстап тежей алатын кісінің жағдайы. Ондай адамға бас құрауы – уәжіп болады.

Сүннет болған үйлену: Зина жасап қою қаупі болмаған, бірақ үйленуге қызығатын кісіге бас құрауы – сүннет болады.

Харам немесе макруһ болған үйлену: Үйленген соң отбасын харам табыс көзімен асырау, әйеліне зұлымдық көрсету сынды күнәлі іске баратын болса, ондай адамға үйлену – харам немесе макруһ болады[1].

Яғни, некелесудегі басты мақсат – шәһуат қалауын қандыру емес, керісінше «екі жарты қосылып бір бүтін болып», кемел қоғам қалыптастыруға ат салысу. Міне, бұл үкімдердің аясына балиғат (кәмелет) жасына толған қыз-жігіттердің барлығы кіреді. 

Шариғатта үйлену үшін арнайы жас мөлшері бекітілмеген. Хадистерде келгендей, балалар физикалық жағынан толысқан шағында үйленулеріне рұқсат.

Ата-анасының батасын алып үйленіңіз.

31.01.2023

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,985Қолданушы