0 дауыс
Хат хабарсыз кеткен ару" немесе "Интернет желісінен жоғалған қыз"

Қайдасың сен?
Түсіме де енбейсің..
Бәлкім мені іздейсің...
Әлде мүлдем ойыңа да ілмейсің.

Шыныменен мені ұмытқан шығарсың,
Бәлкім мені сағынарсың шыдарсың.
Енді мүлдем жүздеспеспіз,таппаспыз
Тауып алсам, құшақтасып жылармыз!

Талай түнді өткізіп ек (едік) ұйқысыз
Талай күнді атқызып ап (алып) екеуміз
Сыр ашып ек қанша алыс болсақта
Қанша алыс арамызда жол жатса..

Екеуміз тек желілерде таныспыз,
Ал өмірде бәлкім бөтен,алыспыз...
(Мүмкін жақынбыз.)

Қоңыр күзде танысып ек екеуміз,
Енді өмірде кездеспейміз бәлкім біз..
Өмірде кездесерміз деп жүргенде,
Желіден де жоғалдың-ау жұмбақ қыз.
..."Әй"-әйтеуір аман болшы..
Интернет желісінде танысқан қыз.

Авторы: Диас Нұрланұлы
18.11.2022 602 қаралым

Сіздің жауабыңыз

Спамға қарсы тексеру:
Беске бесті қоссаң қанша болады?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,986Қолданушы