Оқу үшін/студенттік өмір үшін ЕНУ университеті қалай?

0 дауыс
515 қаралым
Мамандығым екі шет тілі. Оқу үшін/студенттік өмір үшін ЕНУ университеті қалай?
• Санаты: Университет, колледж
өңдеді | 515 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті – Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - Times Higher Education Asia University Rankings 2022 рейтингінің топ-500-ге енген Қазақстанның екі жоғары оқу орнының бірі. 

2022 жылы Times Higher Education ranking by Subject 2023 университеттерінің халықаралық пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Білім» пәні бойынша әлемдік рейтингте белгіленген алғашқы қазақстандық жоғары оқу орны болды. Осы бағыт бойынша ЕҰУ әлемдегі университеттер арасында топ 501-600-ге ұсынылды.

Еуразия ұлттық университетi студент- жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгәне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән беріп келеді. Жыл сайын студенттердiң қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар,университет байқаулары ұйымдастырылады. Университетте ЕҰУ жастар саясатының даму мәселелері,студенттердің әлеуметтік қорғалуы, "Қазақстан студенттерiнiң Альянсы", "Қазақстан жастарының Конгресi", "Жас Отан", Есірткісіз болашақ" және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын Жастар саясатының орталығы бар.

Сондай-ақ, ЕҰУ-де студенттiң шығармашылық қабілетін шыңдауда барлық жағдай жасалған. Студенттiк филармония келесi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: театр-студия, хореография, вокал, домбыра, КТК, имидж-топ.Телерадиостудия ашылған.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,954 сұрақ
322,853 жауап
153,167 пікір
72,958 қолданушы