0 дауыс
Менің ағам мен жеңгем бір күнде қайтыс болды. Орталарында 1жас 2айлық бала бар. Ол аман. Енді бала заң бойынша қай жақта өседі? Қыз жақ алып қоюы мүмкін бе?
05.11.2022 490 қаралым

1 жауап

0 дауыс
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық, патронат және баланы қабылдайтын отбасы

      1. Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаға қорғаншылық, қамқоршылық немесе патронат белгіленеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарының қорғалуы үшін ол баланы қабылдайтын отбасына берілуі мүмкін.

28-бап. Бала асырап алу

      Отбасында өсiріп-жетiлдiру мен тәрбиелеу үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкін.
08.11.2022
127,960Сұрақ
322,892Жауап
153,169Пікір
73,013Қолданушы