0 дауыс
845 көрілді
Баршаңызға салем! Март айындп  Мен жұмысымдағы тате  ге кредит алп берип комектескем ол кісімаған жалынып күнде звандап көмектесші деп қоймады , 430 мың алдм келесі күндері тағыда көмек сұрады күнде күнде мазаны алп смс жазп сонымен көмегім берин деп солва га барганбыз 150 мн болад деп акша беретин адам канша керек деген тате 700 мн деді тате деп едм жауып берем уайымдамаш деп алдады одан кейін тағы шқты займ алп берш деп шқты ондада үй жағыма келп шқшы барп кайтайык деп шқты 250 мн алдырты алдап сулап. Енді кәзір солва мен еваразия дан алган кредиты уакытты келген де төлеп отр займдар посрочка кеткен тате звандаасам анежабам мине жабам деп айтқаңына 3 ай оти. Енді меннести алам бирак менде мойындагынын видеосы бар толық 87768990425 ватцап жазсаңыз жаксы болар еді

1 жауап

0 дауыс

Заңгер Сергей Уткин үшінші тұлғаларға – әріптесіне, танысына, досына немесе туысқанына несие алып беретін адамдарға бірнеше кеңес берді.

"Бұл өте кең таралған тәжірибе: адамдар несие тарихының нашар екенін айтып, біреуге банктен қарыз алып беруді өтініп, төлеуге келген кезде не жоғалып кетеді, не ақшасы жоқ екенін айтады. Соңында қайырымдылық танытып, несие алып берген адам зардап шегеді. Қайткен күнде де қарызын өтеуі керек. Сома аз болса жақсы. Ал кейде мүлкін кепілге қойып, өте көп мөлшерде несие алып беретіндер де болады. Мұндай кезде кепілзатты алып қоюы да мүмкін", – дейді заңгер.

Ал, несие алдырып отырған адамға қарызды өзі төлейтіні туралы қолхат жаздырып алса, көмектесе ме? Заңгер бұл да кепіл бола алмайтынын айтады.

"Несиені өзіңіз қайтарған соң, сотқа жүгініп, қолхат бойынша қарызды өндіріп алуға болады. Бірақ, біріншіден, бұл уақытты талап етеді. Екіншіден, білікті заңгер табу керек. Ең бастысы, көп жағдайда борышкерден ештеңе ала алмай жатады. Себебі, ол не ресми түрде жұмыссыз, не мүлкі жоқ болып шығады. Сөйтіп, сот шешімдерін орындау үшін борышкерлердің базасында жай ғана ілулі тұрады. Ал мұндай адамдар Қазақстанда өте көп", – деп түсіндірді Сергей Уткин.

Сондықтан, заңгер біреуге несие алып беруден бас тартуға кеңес береді.

"Бас тарта білуіңіз керек, бұл қалыпты жағдай. Біз қарым-қатынасты бұзбау үшін "жоқ" деп айтуға қорқамыз. Бірақ бұл керісінше болады – қарым-қатынас несие алуға немесе мүлікті кепілге қоюға келісіп, оны танысыңыз төлемей кеткен кезде бұзылады", – деп қорытындылады заңгер.

...