Ұлы ұстаз Ахмет
Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны - «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Мұхтар Әуезов
Ахмет Байтұрсынов – қазақтың тіл тану ғылымының атасы. Қазақ әдебиетінің қалаушысы, түркітанушы, публицист, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы және ақын. Міне, бүгін ұлы тұлғаның 150 жылдық мерей тойы тойлануда. «Алаш» атты партияны құрған Әлихан Бөкейхан болса, негізін салушылардың бірі болған – Ахмет Байтұрсынов.
Зиялы қауымдар қазақ халқының тәуелсіздігін, бостандығын аңсаған. Болашақ ұрпақтары тәуелсіз Қазақстан, жаңа Қазақстанда ғұмыр кешетіндей болсын деп,құрған болатын. Менің ойымша, бұл заманда бұрынғы кездегідей ақындардың тырнағына татитын тұлға жоқ. Сол кездегі өкімет ол зиялы қауымды тыңдамай, Ахмет Байтұрсыновтың сыртынан өзінің қазақтары арыз жазып абақтыға жабады. Абақтыда Ахмет атамыз «тілек ботам»атты шығарма жазған. Сонда Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларының тәрбиелік мәні неде?
Абақтыда жазған шығармасында автор «мен сендерге жүгіндім, Төресі әділ қазының» - деген өлең жолдарында шындыққа және әділдіктің орын алуына сенген болатын. Ал қазіргі заманға келетін болсақ, адамдардың көбісі қолынан шықпай, бастапқы жемісін көрмей, үмітін үзіп, салы суға кетеді. Түгелі бірден жағалы адам болғысы ақ келеді. Ал «замандастарыма» деген шығармасында, өзінің кеңестерін береді. «Қанағат азға құрбыларым» -деп аздыққа қанағат, жоқтыққа сабырлықпен қарап, төзімді бола білу керек. Себебі төзімді адамның алдынан барлығы өзі жарылқайды.
Асыл сөздің діңгегін құраған тұлға туралы ойымды қорытар болсам, Ахмет ағамыз айтып кеткендей, басқалардан кем болмау үшін біз білімді, бай, күшті болу керекпіз. Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін кәсіп ашу керек, күшті болу үшін береке, бірлік керек деген. Қолымыздағы барды ұстап өзіміздің күшті екенімізді көрсету біздің қолымызда.
Жазған: Нұр-Сұлтан қаласының, &27 мектеп-лицейінің, 11«А» сынып оқушысы Амангалиева Дария Рахымгалиевана